"Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 178 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 31 шілдеде № 3315 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 27.01.2017 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.0"Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2.0"Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Есболатов Болат Бүркітбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3.0Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Белдібеков Болат Далабайұлына жүктелсін.
      4.0Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Текелі қаласының әкімі Т. Қайнарбеков

  Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 178 қаулысымен бекітілген қосымша

"Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Текелі қаласы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, № 34.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Бөлімнің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
      5) жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;
      6) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
      16. Функциялары:
      1) Текелі қаласы әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулылардың жобаларын дайындау;
      2) Текелі қаласы әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      5) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      6) қала бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      7) Текелі қаласының жер балансын жасау;
      8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      9) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      10) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      12) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      13) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      15) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      16) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      3) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Текелі қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастыралады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншіке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады