"Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 121 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 12 мамырда № 3163 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 297 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабынынң 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлы осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы С. Қорғанбаев

  Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 121 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) аудан аумағында өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту;
      3) ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша кешенді мерекелер жүргізу мен көгалдандыру, күту мен абаттандыру, санитарлық жағдай бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
      2) ауданның су құбырларын, жылу мен электр желілерін және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
      4) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
      5) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      6) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;
      8) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
      4) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      5) Бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімде басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Ақсу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      1) Ақсу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу Су құбыры" аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      2) "Ақсу тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады