Балқаш ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 1-1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 11 ақпанда № 3040 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 14.12.2018 № 12-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 – бабының 1 – тармағына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Жүнісов

  "Балқаш ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" Балқаш ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 1-1 шешіміне қосымша

Балқаш ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері

      1. № 105 сайлау учаскесі

      Орталығы: Миялы ауылы, Қасымбек көшесі № 3, Қарағаш орта мектебі.

      Шекарасы: Миялы ауылдық округінің аумағы.

      2. № 106 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бақбақты ауылы, Алтынсарин көшесі № 28, № 1 Жамбыл атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: Бақбақты ауылдық округінің аумағы.

      3. № 107 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бірлік ауылы, Рысқұлов көшесі № 19, Бірлік орта мектебі.

      Шекарасы: Бірлік ауылдық округінің аумағы.

      4. № 108 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бақанас ауылы, Алтынсарин көшесі № 21, Б. Бейсекбаев атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: Бақанас ауылы, көшелері: Байғуатов № 1 - ден № 65 - ке дейін (тақ жағы), № 2 - ден № 30 - ға дейін (жұп жағы), Ахметов, Бәрібаев, Сейфуллин, Әзірбаев, Жабаев, Иманбаев, Әбілдаев, Нұрайдаров, Құтпанбетов, Сәрсеев, Байшіков; "Салтанат" шағын ауданы.

      5. № 109 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бақанас ауылы, Қонаев көшесі № 147, Аудандық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Бақанас ауылы, көшелері: Қонаев № 85 - тен № 275 - ке дейін (тақ жағы), № 76 - дан № 266 -ға дейін (жұп жағы) Бижанов № 25 -тен № 83 - ке дейін (тақ жағы), № 90 - нан № 130 - ға дейін (жұп жағы), Рысқұлов № 68 - ден № 134 - ке дейін (жұп жағы), № 93 - тен № 171 - ге дейін (тақ жағы), Байғуатов № 32 - ден № 112 - ге дейін (жұп жағы), № 67 - тен № 141 - ке дейін (тақ жағы), Ормышев, Тоқтасынбаев, Қазақстанның 70 жылдығы, Сарыбаев; "Самал" шағын ауданы.

      6. № 110 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бақанас ауылы, Қонаев көшесі № 75, "Балқаш ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бақанас ауылы, көшелері: Қонаев № 1 - ден № 59 - ға дейін (тақ жағы), № 10 - нан № 44 - ке дейін (жұп жағы), Бижанов № 1 - ден № 21 - ге дейін (тақ жағы), № 2 - ден № 84 - ке дейін (жұп жағы), Рысқұлов № 38 - ден № 54 - ке дейін (жұп жағы), № 61 - ден № 67 - ге дейін (тақ жағы), Демченко,

      Бокин, Исабаев; "Достық" шағын ауданы; Бояулы ауылы.

      7. № 111 сайлау учаскесі

      Орталығы: Үшжарма ауылы, Алтынсарин көшесі № 14, Үшжарма орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Үшжарма ауылының аумағы.

      8. № 112 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақдала ауылы, Қонаев көшесі № 26, Ақдала орта мектебі Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебімен.

      Шекарасы: Ақдала ауылдық округінің аумағы.

      9. № 113 сайлау учаскесі

      Орталығы: Береке ауылы, Қонаев көшесі № 16, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Береке ауылының аумағы.

      10. № 114 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бура ауылы, Қонаев көшесі № 16, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Бура ауылының аумағы.

      11. № 115 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақкөл ауылы, Орталық көшесі № 1, Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Ақкөл ауылының аумағы.

      12. № 116 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көкжиде ауылы, Мектеп көшесі № 1, Көкжиде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Көкжиде ауылының аумағы.

      13. № 117 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көктал ауылы, Ахметов көшесі № 7, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Көктал ауылының аумағы.

      14. № 118 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қоскүмбез ауылы, Ә.Ахметов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен, Қоскүмбез шағын жинақталған бастауыш мектебімен.

      Шекарасы: Қоскүмбез ауылының аумағы.

      15. № 119 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қарой ауылы, Мектеп көшесі № 37, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Қарой ауылдық округінің аумағы.

      16. № 120 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақжар ауылы, Ақжар көшесі № 1, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Ақжар ауылы.

      17. № 121 сайлау учаскесі

      Орталығы: Аралтөбе ауылы, Момышұлы көшесі № 37, Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Аралтөбе ауылының аумағы.

      18. № 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: Желтораңғы ауылы, Шағырұлы көшесі № 2, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Желтораңғы ауылдық округінің аумағы.

      19. № 123 сайлау учаскесі

      Орталығы: Топар ауылы, Бөлтірік көшесі № 5, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Топар ауылдық округінің аумағы.

      20. № 124 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балатопар ауылы, Темір көшесі № 8, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Балатопар ауылдық округінің аумағы.

      21. № 125 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жиделі ауылы, Жамбыл көшесі № 3, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Жиделі ауылдық округінің аумағы.

      22. № 126 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құйған ауылы, Ни Хак Сун көшесі № 24/2, Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Құйған ауылдық округінің аумағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады