"Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 618 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 12 қазанда № 3476 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 26.09.2016 № 479 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрпейісов Абзал Еркінұлына жүктелсін.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрпейісов Абзал Еркінұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж.Далабаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйегіндегі № 618 қаулысымен бекітілген қосымша

"Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Жамбыл ауданының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040600, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданыны, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, № 56.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып
      табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Жамбыл ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқарудың функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара қарым-қатынаста бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
      3) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.
      15. Функциялары:
      1) аудан аумағын дамыту бағдарламасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету және мониторинг жүргізу;
      2) Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторинг жүргізу;
      4) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;
      5) жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін болжау;
      6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және қарастыру;
      7) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін айқындау;
      8) Жамбыл ауданының бюджеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларын қарастыру және таңдау;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауылдық жерлерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру;
      10) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу;
      11) аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына, аудан әкімдігінің жиналыстарына, отырыстарына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындау және ұсыну;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Жамбыл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта құру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования Жамбылского района"

Постановление акимата Жамбылского района Алматинской области 09 сентября 2015 года № 618. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 12 октября 2015 года № 3476. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Алматинской области от 26 сентября 2016 года № 479

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Алматинской области от 26.09.2016 № 479.
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Жамбылского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования Жамбылского района" (далее - Положение) согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Нурпейсова Абзала Еркиновича.
      3. Возложить на руководителя аппарата акима района Нурпейсова Абзала Еркиновича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на Интернет-ресурсе акимата района.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Ж.Далабаев

  Приложение утвержденное постановлением акимата Жамбылского района от 9 сентября 2015 года № 618

Положение о государственном учреждении
"Отдел экономики и бюджетного планирования Жамбылского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования Жамбылского района" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере экономики и бюджетного планирования в соответствии с законодательством Республики Казахстан на территории Жамбылского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 040600, Республика Казахстан, Алматинская область, Жамбылский район, село Узынагаш, улица Абая, № 56.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования Жамбылского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Отдела

       13. Миссия Отдела: реализация на территории Жамбылского района функций государственного управления в области стратегического, экономического и бюджетного планирования.
      14. Задачи:
      формирование стратегических целей и приоритетов, основных направлений социально-экономического развития района;
      реализация бюджетной и инвестиционной политики во взаимодействии с приоритетами социально-экономического развития;
      реализация политики в области регионального развития.
      15. Функции:
      1) разработка, корректировка и проведение мониторинга программ развития территории района и плана мероприятий по ее реализации;
      2) разработка прогноза социально-экономического развития Жамбылского района;
      3) реализация, проведение мониторинга государственных, отраслевых программ и других документов системы государственного планирования по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) проведение анализа динамики и уровня социально-экономического развития региона;
      5) прогнозирование объема поступлений в местный бюджет;
      6) рассмотрение и формирование заключений по бюджетным заявкам и проектам бюджетных программ администраторов бюджетных программ финансируемых из местного бюджета;
      7) определение лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов местного бюджета на новые инициативы на основе прогнозных показателей социально-экономического развития региона, приоритетных направлений расходования бюджетных средств, объема дефицита бюджета на плановый период;
      8) рассмотрение и отбор бюджетных инвестиционных проектов, а также бюджетных инвестиций Жамбылского района;
      9) организация работ по предоставлению мер социальной поддержки
      специалистам, прибывшим для проживания и работы в сельской местности в соответствии с действующим законодательством;
      10) проведение мониторинга и анализа основных показателей социально-экономического развития района;
      11) подготовка и представление материалов об итогах социально-экономического развития региона акиму района, курирующему заместителю акима района, на совещания, заседания акимата района;
      12) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      3) разрабатывать проекты нормативных правовых актов акима, акимата района, входящих в компетенцию Отдела;
      4) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Отдела

      17. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Жамбылского района.
      19. Первый руководитель Отдела не имеет заместителей.
      20. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Отдела

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Отдела

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.