Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі "Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 37-3 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 48-2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 маусымда № 3249 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы № 20-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 06.11.2017 № 20-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі "Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 37-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 31 қазанында № 2901 тіркелген, "Еңбекшіқазақ" газетінде 2014 жылдың 7 қарашасында № 46 және 2014 жылдың 21 қарашасында № 48 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      2-тармақ 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) шартты әлеуметтік көмек – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысанындағы төлем.
      Бұл ретте, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін, Алматы облысы бойынша белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде белгіленеді;
      12) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт – отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.";
      8-1, 10-1 тармақтарымен толықтырылсын:
      "8-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған шартты әлеуметтік көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Алматы облысының белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады және отбасының құрамы өзгерген жағдайда, сонымен қатар мемлекеттік атулы әлеуметтік көмек төлеуі тоқтатылғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезіндегі табыстарды ескере келе, көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      10-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және өтініш берушінің өтініші бойынша ай сайын немесе үш айға біржолғы төленеді.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";
      11-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек және шартты әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:";
      24-тармақ 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы және (немесе) бұзылуы.".
      2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      48-сессиясының төрайымы Г. Құраметова
      Аудандық мәслихат хатшысы Талқамбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Айсина Қалдыкүл Оспанәліқызы
      "Еңбекшіқазақ ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Жакеев Ермек Ильянұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады