Кербұлақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 83 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 09 сәуірде № 3130 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 305 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 19.09.2017 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
      Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі бас маманы Қартбаев Мақсат Ғабитұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Момбаев Болысбай Тоғысбайұлына жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Алиев

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі "Кербұлақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 83 қаулысына 1-қосымша

Кербұлақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Сарыөзек ауылдық округі бойынша:
      1) Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 25, А. Сарыбаев атындағы Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд.
      2. Қоғалы ауылдық округі бойынша:
      3. Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі, № 159, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
      4. Шаған ауылы, П. Дутов көшесі, нөмірі жоқ, "Имадаев" дүкенінің жанындағы стенд;
      5. Тастыөзек ауылы, Ж. Бекбосынова көшесі, № 10, "Гүлнұр" дүкенінің жанындағы стенд.
      6. Жоламан ауылдық округі бойынша:
      1) Жоламан ауылы, Қ. Мырзакаримов көшесі, № 1, Жоламан орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Малайсары станциясы, Центральная көшесі, нөмірі жоқ, кафе ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Жоламан станциясы, Железнодорожная көшесі, нөмірі жоқ, фельдшерлік пунктінің жанындағы стенд;
      4) Сәмен ауылы, Масанов көшесі, нөмірі жоқ, дүкеннің жанындағы стенд.
      4. Жайнақ батыр ауыл округі бойынша:
      1) Жайнақ батыр ауылы, Балпық би көшесі, № 76, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Доланалы ауылы, А. Ақылбекұлы көшесі, № 24, ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Ақбастау ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 27, ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Жаналық ауылы, Садовая көшесі, № 28, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
      5) Қарымсақ ауылы, Киров көшесі, № 10/1, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
      5. Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша:
      1) Қарағаш ауылы, Д. Маханов, № 17, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Шилісу ауылы, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Қазынсу ауылы, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
      6. Қарашоқы ауылдық округі бойынша:
      1) Қарашоқы ауылы, Құлжабай би көшесі, № 28, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд.
      7. Қаспан ауылдық округі бойынша:
      1) Қаспан ауылы, Төле би көшесі, № 1, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Сайлыкөл ауылы, Сейфуллин көшесі, № 19, фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Шаған ауылы, Қазыбек би көшесі, нөмірі жоқ, дүкеннің жанындағы стенд;
      4) Көксай ауылы, Қонаев көшесі, № 8, фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      5) Водное ауылы, Әл-Фараби көшесі, № 9/1, бастауыш мектеп ғимаратының жанындағы стенд.
      8. Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша:
      1) Талдыбұлақ ауылы, Абай көшесі, № 2, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Бостан ауылы, Инаханов көшесі, нөмірі жоқ, "Болашақ" дүкенінің жанындағы стенд.
      9. Сарыбастау ауылдық округі бойынша:
      1) Сарыбастау ауылы, Абай көшесі, № 1, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Архарлы ауылы, фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Архалы кеніші, Жұмабаев көшесі, № 1, фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Малайсары ауылы, "Зарина" дүкенінің жанындағы стенд.
      10. Шанханай ауылдық округі бойынша:
      1) Шанханай ауылы, Рахметбай көшесі, нөмірі жоқ, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Қоянкөз ауылы, Амангелді көшесі, № 8, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Майтөбе ауылы, Школьная көшесі, нөмірі жоқ, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд.
      11. Көксу ауылдық округі бойынша:
      1) Көксу ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, № 11, "Қазпошта" акционерлік қоғамы филиалы ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Беріктас ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, № 1, Беріктас орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Қосағаш ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 10, Қосағаш орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Көктал ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 16, фельшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд.
      12. Алтынемел ауылдық округі бойынша:
      1) Алтынемел ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 1а, Алтынемел орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Тастыбастау ауылы, Қайнар көшесі, нөмірі жоқ, Тастыбастау бастауыш мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Қарлығаш ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, нөмірі жоқ, Қарлығаш бастауыш мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Байғазы ауылы, Қайнар көшесі, нөмірі жоқ, Байғазы орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      5) Майтөбе ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, нөмірі жоқ, Майтөбе орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд.
      13. Қызылжар ауылдық округі бойынша:
      1) Қызылжар ауылы, Бармақ батыр көшесі, № 3/1, "Қуат" дүкенінің жанындағы стенд;
      2) Шилісу ауылы, Алтынсарин көшесі, № 2/3, фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд.
      14. Шұбар ауылдық округі бойынша:
      1) Шұбар ауылы, Абай көшесі, № 30, "Светлана" дүкенінің жанындағы стенд;
      2) Аралтөбе ауылы, Шекарашы көшесі, № 12, "Асем" дүкенінің жанындағы стенд;
      3) Онжас ауылы, Балхашев көшесі, № 26, фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд.
      15. Басши ауылдық округі бойынша:
      1) Басши ауылы, Асқарбек көшесі, нөмірі жоқ, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Нұрым ауылы, Центральная көшесі, нөмірі жоқ, "Қазпошта" акционерлік қоғамы филиалы ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Ақтөбе ауылы, Центральная көшесі, нөмірі жоқ, "Әбен" дүкенінің жанындағы стенд.

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі "Кербұлақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 83 қаулысына 2-қосымша

Кербұлақ ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

      1. Сарыөзек ауылдық округі бойынша:
      1) Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 25, А. Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінің акті залы.
      2. Қоғалы ауылдық округі бойынша:
      1) Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі, № 159, Мәдениет үйінің акті залы.
      3. Жоламан ауылдық округі бойынша:
      1) Жоламан ауылы, Қ. Мырзакаримұлы көшесі, № 1, Жоламан орта мектебінің акті залы.
      4. Жайнақ батыр ауылдық округі бойынша:
      1) Жайнақ батыр ауылы, Балпық би көшесі, № 76, дәрігерлік амбулатория ғимараты;
      2) Жаңалық ауылы, Садовая көшесі, № 28, дәрігерлік амбулатория ғимараты.
      5. Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша:
      1) Қарағаш ауылы, Д. Маханов көшесі, № 17, дәрігерлік амбулатория ғимараты.
      6. Қарашоқы ауылдық округі бойынша:
      Қарашоқы ауылы, Құлжабай би көшесі, № 28, Мәдениет үйінің акті
      залы.
      7. Қаспан ауылдық округі бойынша:
      1) Қаспан ауылы, Төле би көшесі, № 1, дәрігерлік амбулатория ғимараты.
      8. Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша:
      1) Талдыбұлақ ауылы, Абай көшесі, № 2, Мәдениет үйінің акті залы.
      9. Сарыбастау ауылдық округі бойынша:
      1) Сарыбастау ауылы, Абай көшесі, № 1, дәрігерлік амбулатория ғимараты.
      10. Шанханай ауылдық округі бойынша:
      1) Шанханай ауылы, Шоқан көшесі, нөмірі жоқ, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің акті залы.
      11. Көксу ауылдық округі бойынша:
      1) Көксу ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, № 28, Көксу орта мектебінің акті залы.
      12. Алтынемел ауылдық округі бойынша:
      1) Алтынемел ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 1а, Алтынемел орта мектебінің акті залы.
      13. Қызылжар ауылдық округі бойынша:
      1) Қызылжар ауылы, Алтынсарин көшесі, № 24, Ж. Жапаров атындағы орта мектептің акті залы.
      14. Шұбар ауылдық округі бойынша:
      1) Шұбар ауылы, Абай көшесі, № 62, "Балауса" балабақшасының акті залы.
      15. Басши ауылдық округі бойынша:
      1) Басши ауылы, Асқарбек көшесі, нөмірі жоқ, Мәдениет үйінің акті залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады