"Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 333 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 11 тамызда № 3333 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 16.05.2017 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Иманғалиева Эльмира Елубайқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Разбеков Марат Мелісұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Қошанбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 333 қаулысымен бекітілген қосымша

"Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Сарқан ауданының аумағында бюджетті атқару, аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 041500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №111.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджетті атқару, аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру саласында мемлекеттiк басқару функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын жасау, бекіту, нақтылау және түзету;
      3) бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
      4) бюджет ақшасын басқару;
      5) жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізу;
      6) үзіліссіз есеп арқылы, ақшалай түрдегі бюджеттік операциялар жүйесінің ақпараттарын тіркеуін, толық жинауын, реттеуін және қорытындылауын қамтамасыз ету;
      7) Облыстың жергілікті атқарушы органына, ауданның жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы туралы есеп беру нысандарының барлық түрлерін қалыптастыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
      9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру;
      10) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      11) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуы бойынша жұмыстарын үйлестіру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
      4) "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      5) "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге басшылықты "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады
      22. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Сарқан ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района"

Постановление акимата Сарканского района Алматинской области от 15 июля 2015 года № 333. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 11 августа 2015 года № 3333. Утратило силу постановлением акимата Сарканского района Алматинской области от 16 мая 2017 года № 107

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сарканского района Алматинской области от 16.05.2017 № 107 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Сарканского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" Имангалиеву Эльмиру Елубаевну опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Разбекова Марата Мелисовича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е. Кошанбеков

  Приложение утвержденное постановлением акимата Cарканского района от 15 июля 2015 года № 333 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел финансов Cарканского района"

Положение о государственном учреждении "Отдел финансов Сарканского района"

1.Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере исполнения бюджета, координации управления районным коммунальным имуществом на территории Сарканского района Алматинской области.
      2. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" является юридическим лицом в организационной-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 041500, Республика Казахстан, Алматинская область, Сарканский район, город Саркан, улица Тауелсиздик, №111.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел финансов Сарканского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района".
      Если государственному учреждению "Отдел финансов Сарканского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия: государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" реализует функции государственного управления в сфере исполнения бюджета, координации управления районным коммунальным имуществом.
      14. Задачи:
      1) реализация государственной политики в области исполнения бюджета;
      2) координации управления районным коммунальным имуществом в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      15. Функции:
      1) организация исполнения бюджета и координация деятельности администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;
      2) составление, утверждение, уточнение и корректировка сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам по местному бюджету, сводных планов доходов и финансирования расходов по видам платных услуг государственных учреждений;
      3) проведение комплекса мероприятий по обеспечению полноты и своевременности зачисления поступлений в бюджет;
      4) управление бюджетными деньгами;
      5) осуществление учета и анализа использования средств резерва местного исполнительного органа;
      6) обеспечение упорядочение системы и полноты сбора, регистрации и обобщения информации в денежном выражении о бюджетных операциях посредством их непрерывного учета;
      7) формирование всех видов отчетных форм по исполнению бюджета для предоставления в местный исполнительный орган области, местным представительному и исполнительному органам района, в установленном законодательством порядке и в установленные сроки;
      8) проведение конкурса в соответствии с законодательством Республики Казахстан по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации районного коммунального имущества;
      9) предоставление районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан;
      10) организация учета, хранения, оценки и дальнейшего использования районного коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бесхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного имущества, находок, безнадзорных животных, безвозмездно перешедших в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность, доли кладов, не содержащих вещей, относящихся к культурным ценностям;
      11) осуществление приватизации районного коммунального имущества, в том числе привлечение посредника для организации процесса приватизации, обеспечение оценки объекта приватизации, осуществление подготовки и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и координация работы за соблюдением условий договоров купли-продажи;
      12) осуществление иных полномочий, возлагаемых на государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) в пределах своей компетенции принимать решения;
      3) исполнять поручения вышестоящих органов;
      4) разрабатывать проекты нормативных правовых актов акима, акимата района входящих в компетенцию государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района";
      5) представлять интересы государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" во всех компетентных, государственных, административных органах, учреждениях, организациях, а также судебных и правоохранительных органах;
      6) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" не имеет заместителей.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района":
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района";
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района";
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района";
      4) в пределах своей компетенции издает приказы, инструкции обязательные для исполнения работниками государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района";
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" в государственных органах и иных организациях;
      6) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел финансов Сарканского района" относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Отдел финансов Сарканского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и ликвидация государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел финансов Сарканского района" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.