"Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыздағы № 379 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 04 қыркүйекте № 3379 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 16.05.2017 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Шатырбай ауылдық округінің әкімі Сулейменов Манарбек Кабылбековичке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурсында және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубайұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ.Маманбаев

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 397 қаулысымен бекітілген қосымша

"Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041527, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Шатырбай ауылы, Нұғманов көшесі, № 35.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджетен жүзеге асырылады.      
      13. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясаты жүзеге асыру.
      15. Мiндеттерi: Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
      6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
      11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      18. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      19. Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округінің әкімін Сарқан ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің орынбасарлары жоқ.
      21. Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің өкiлеттiгi:
      1) өз құзіреті шегінде "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті шешімдер, өкімдер және нұсқаулар шығарады;
      2) "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      3) өз құзіреті шегінде "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіруге;
      4) өз құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      23. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады