Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарламаның және төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 ақпанда № 10264 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 599 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 599 (01.01.2019 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінің 14, 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген мынадай:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарламаның;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің нысандары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 39 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5558 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) жарияланған);

      2) "Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5720 болып тіркелген, "Юридическая газета" 2009 жылғы 31 шілдеде 115 (1712) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың
тізімдерін мемлекеттік кірістер органына тапсыру туралы
хабарлама

      20__ жылғы "___" _______________ № ____

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 17-бабынаcf1 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы

      21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды

      есептеу және аудару ережесіне сәйкес,

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      Сізді _______________________________________________________________

      (төлеушiнiң Т:А:Ә, атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      20 ___жылғы "____"__________ жағдай бойынша

      теңге

Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің барлығы

Негізгі төлемнің сомасы

Өсімақы сомасы





      мөлшеріндегі Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк

      аударымдар бойынша берешектің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Осыған байланысты осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

      Сізге _______________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      әлеуметтік аударымдары жүргізіліп жатқан міндетті әлеуметтік

      сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін тапсыру қажет.

      Әлеуметтік аударымдары жүргізіліп жатқан міндетті әлеуметтік

      сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдері тапсырылмаған жағдайда

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      төлеушінің банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын

      тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

      Бұл ретте Сізге "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында белгіленген тәртіпте және

      шарттарда өсімақы есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды

      тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан

      Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес

      әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіз мемлекеттік

      кірістер органдарының лауазымды тұлғалары әрекетін (әрекетсіздігін)

      мемлекеттік кірістер жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға

      құқысыз.

      Мемлекеттік органның басшысы

      (Басшының орынбасары) _________________________________________

      (Т.А.Ә, қолы, мөрі)

      Хабарламаны алды ______________________________________________

      (төлеушінің Т.А.Ә, қолы, мөрі, күні)

      Хабарлама төлеушіге ұсынылды __________________________________

      (мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының Т.А.Ә, қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді _________________________________

      (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі

      20__ жылғы "___" _____________ № _____

      (жазба күні)

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік

      аударымдарды есептеу және аудару ережесіне сәйкес,

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (төлеушінің Т:А:Ә, атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)

      касса бойынша (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік

      аударымдары бойынша берешегін өтеу жөніндегі операцияларынан басқа)

      барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Осы өкімді алған кезден бастап төлеушінің кірісіне түсетін

      қолма-қол ақша қаражаттары Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік

      қорына аударылуы тиіс.

      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру,

      ақшаларды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін

      жүзеге асыратын ұйымға тапсыру операцияларынан басқа, кассадағы

      қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына, оларды кейіннен

      салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік

      аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне жатқызу үшін қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды

      тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайында Сізге "Әкімшілік

      құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес

      әкімшілік жаза шаралары қолданылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің жоғары

      тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа мемлекеттік

      кірістер органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығыңыз бар.

      Мемлекеттік органның басшысы

      (Басшының орынбасары) _________________________________________

      (Т.А.Ә, қолы, мөрі)

      Хабарламаны алды ______________________________________________

      (төлеушінің Т.А.Ә, қолы, мөрі, күні)

      Хабарлама төлеушіге ұсынылды __________________________________

      (мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының Т.А.Ә, қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді _________________________________

      (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады