Салықтық тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 25 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 40 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10319 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 254 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 200 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 18.04.2017 № 254 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.05.2017 № 200 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Салықтық тексеру бойынша тексеру парақтарының нысандары:

      осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес кешенді немесе тақырыптық салықтық тексерулері бойынша;

      осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қарсы салықтық тексерулері бойынша;

      осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жекелеген мәселелер жөнінде тақырыптық салықтық тексерулері бойынша;

      осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес хронометраждық зерттеп-тексерулері бойынша бекітілсін.

      2. "Салық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау салық қызметі органдарына жүктелген бақылауды орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласында жоспарлы кешендік немесе жоспарлы тақырыптық салық тексерулері жөніндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 469 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 304 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7252 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 27 қазандағы № 157 (1973) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберу;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми ғаламтор-құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

______________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
Министрі
______________ Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтар № 25
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтар № 40
Бірлескен бұйрығына
1-қосымша

      нысан

Кешенді немесе тақырыптық салықтық тексерулері бойынша тексеру парағы

      Тексеруді белгілеген мемелекеттік органы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нұсқама

      _____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы ____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесi

1

Салықтардың барлық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептеудің, ұстау мен аударудың, әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы есептеу мен төлеуді сақтау

2

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 627-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша берілген Қазақстан Республикасының салық заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын нұсқамаға сәйкес сақтау, оның ішінде:

2.1

салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы

2.2

кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы

2.3

мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi

2.4

банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ 2003 жылғы 23 сәуірдегі "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" және 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы

2.5

трансферттiк баға белгiлеу

2.6

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу

2.7

соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау

2.8

сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша

2.9

салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау

2.10

халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы

2.11

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау

2.12

төленген табыс салығын резидент еместiң салықтық өтiнiшiнің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару

2.13

салық кодексінің 608-бабында белгiленген тәртiппен камералды бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындалмауы

2.14

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау

2.15

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместiң салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiн қарау

2.16

бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтау

2.17

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау

2.18

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық органы жүргiзетiн тексеру

3

Белгіленген тәртіппен бекітілген салықтық есепке алу саясатының болуы

4

Белгіленген тәртіппен бекітілген салықтық тіркелімдердің болуы

      Салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру парағын алғаны туралы белгі:

      20__ жылғы "__" __________

      _________________________________

      (Аты-жөні, лауазымы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтар № 25
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтар № 40
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша

      нысан

Қарсы салықтық тексерулері бойынша тексеру парағы

      Тексеруді белгілеген мемелекеттік органы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нұсқама

      _____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы ____________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

Талаптар тізбесi

1

Қосымша құн салығын төлеуші ретінде есепке қою

2

Нұсқамада көрсетілген салық төлеушімен өзара есеп айырысуларының болуы

3

Тексерілетін салық төлеушімен бухгалтерлік есепте және салық есептілігінде өзара есеп айырысулардың көрсетілуі

      Салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру парағын алғаны туралы белгі:

      20__ жылғы "__" __________

      __________________________

      (Аты-жөні, лауазымы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтар № 25
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтар № 40
Бірлескен бұйрығына
3-қосымша

      нысан

Жекелеген мәселелер жөніндегі тақырыптық салықтық тексерулері бойынша тексеру парағы

      Тексеруді белгілеген мемелекеттік органы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нұсқама

      _____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы ____________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесi

1

Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою

2

Бақылау-кассалық машинаның болуы

3

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы

4

Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы

4.1

Бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді

4.2

Бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды

4.3

Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді

4.4

Алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды

4.5

Темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды

4.6

Ойын бизнесін

4.7

Ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді

4.8

Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау)

      Салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру парағын алғаны туралы белгі:

      20__ жылғы "__" __________

      __________________________

      (Аты-жөні, лауазымы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтар № 25
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтар № 40
Бірлескен бұйрығына
4-қосымша

      нысан

Хронометраждық зерттеп-тексеру бойынша тексеру парағы

      Тексеруді белгілеген мемелекеттік органы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нұсқама

      _____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы ____________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесi

1

Табыс алуға бағытталған қызметке байланысты іс жүзіндегі кірістерді және іс жүзіндегі шығындарды белгілеу

2

Салық салынатын объектілерді және салық салуға байланысты объектілерді анықтау

      Салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру парағын алғаны туралы белгі:

      20__ жылғы "__" _________________

      _________________________________

      (Аты-жөні, лауазымы, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады