Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10408 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Төтенше жағдайлар жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      В. Петров ________________
      2015 жылғы 3 ақпан

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-02/54     
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт
сөндіру станциясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-36) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Орман өрт сөндіру станциясы – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.
      3. Орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында және одан тыс жерлерде мемлекеттік орман иеленушілермен мынадай:
      1) бірінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орманшылығы орман қорының аумағында шыққан орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету;
      2) екінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орман қорының бүкіл аумағында орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету мақсаттарын орындау үшін орман өрт сөндіру станциясы құрылады.
      4. Орман өрт сөндіру станциясында өртке қарсы мемлекеттік қызмет тиісті бөлімшесінің келісімі бойынша мемлекеттік орман иеленушінің басшысымен бекітілетін осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман өрт сөндіру станциясының паспорты жасалады.
      5. Орман өрт сөндіру станциясында өртке қарсы қызмет орналастырылады, оның құрамына тұрақты жұмысқа қабылданатын орман өрт сөндіру станциясының бастығы, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, тракторист-машинист, радиооператор, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарь, орман өрт сөндірушісі кіреді.
      6. Өрт бақылау мұнарасының (бекетінің) бақылаушысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық жұмысқа қабылданады.

2. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің негізгі функциялары

      7. Орман өрт сөндіру станциясы бастығының негізгі функциялары:
      1) өрт қаупі бар маусым басталар алдында және оның өн бойында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйелі нұсқаулықтар, сондай-ақ орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу;
      2) орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын, байланыс құралдарын бөліп беру;
      3) ауа райы жағдайлары бойынша ормандағы өрт қаупі сыныбын анықтау;
      4) өрт бақылау мұнарасынан (бекетінен), авиациямен қарауылдау тікұшағынан (ұшағынан), орман өрт сөндіру станциясы қызмет көрсететін аумақта өрт шыққаны туралы басқа да ақпарат көздерінен хабар алған кезде орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрті болып жатқан жерге аттануын қамтамасыз ету;
      5) орман өртін сөндіру кезінде орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне басшылық жасау;
      6) орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру;
      7) өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарын сақтауды және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып таблады.
      8. Өрт сөндіру машинасын жүргізушінің және тракторшы-машинистің негізгі функциялары:
      1) өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын орман өрттерін сөндіру жұмыстарында пайдалану;
      2) бекітіп берілген техникамен өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау болып табылады.
      9. Радиооператордың негізгі функциялары:
      1) орман өрттері шыққан кезде хабардар ету схемасы бойынша телефон және радио байланысын ұйымдастыру;
      2) радиостанцияларға техникалық-пайдалану қызметін көрсету болып табылады.
      10. Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарьдің негізгі функциялары:
      1) техниканы, жабдықтар мен аппаратураны жөндеу, олардың орман өрті болып жатқан жерге аттанып кетуге ұдайы әзір жағдайда болуын қамтамасыз ету;
      2) өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау болып табылады.
      11. Орман өрт сөндіру станциясы орман өртін сөндірушісінің негізгі функциялары:
      1) өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау;
      2) өрт сөндіру техникасын, жабдықтарды, өрт сөндіру құрал-саймандарын, сондай-ақ өрт сөндірудің химиялық құралдарын пайдаланып, орман өрттерін сөндіруді жүзеге асыру;
      3) өзіне бекітіп берілген өрт сөндіру жабдықтарын, аппаратураны, аспаптар мен саймандарды ақаусыз күйде күтіп ұстау;
      4) өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарының ерітінділерін әзірлеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
      12. Өрт бақылау мұнарасы (бекеті) бақылаушысының негізгі функциялары:
      1) орман шымылдығы астында орман өртінің шығу белгілерінің пайда болуын қадағалау;
      2) азимуттық шеңберлерді пайдаланып тіркеу әдісімен орман өрті болып жатқан жерді анықтау;
      3) байқалған орман өрттері туралы ақпаратты орман өрт сөндіру станциясына және мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесіне беру болып табылады.

3. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі жұмысының тәртібі

      13. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің бірінші және екінші сыныптары күндері орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері орман өрттерін сөндірумен айналысып жатпаса, олар кезекшілік атқару орындарында болып, техника мен жабдықтарды орман өртіне шығуға дайындаумен шұғылданады.
      14. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің үшінші сыныбы күндері орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері орман өрттерін сөндірумен айналысып жатпаса, олар орман өртіне дереу аттанып кетуге толық әзірлік жағдайында кезекшілік атқару орындарында болады. Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтар пайдалануға толық әзірлік жағдайында тұрады.
      15. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің төртінші және бесінші сыныптары күндері орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері өздеріне белгіленген жиналу орындарында болады, орман өртін сөндіру тактикасын және өрт-техникалық жарақтандырудың техникалық сипаттамасын зерделеумен айналысады.
      16. Авиациялық орман күзеті қызмет көрсететін мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің жұмысы тиісті авиабөлімшелердің жұмысымен байланыстырылады.
      17. Өрт тұрғысынан алғанда қауіпсіз ұзақ мерзімді кезеңдерде орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері мемлекеттік орман иеленуші басшысының тапсырмасы бойынша орман өрт сөндіру станциясы қызмет көрсететін орман қоры аумағында өртке қарсы алдын алу іс-шараларын орындауға жұмылдырылады.
      18. Орман өртін сөндіру кезінде жергілікті жердің ерекшеліктері мен ауа райы жағдайлары, өрттің түрі, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғы ескеріледі.
      19. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің орман өрттерін сөндіруі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) өртті жою – жану тоқтатылған және оның өздігінен жану жағдайы жойылған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
      2) өртті шектеу – адамдарға (жануарларға) қауіп төндірмейтін немесе жойылған, өрттің жайылуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны жою үшін жағдай жасалған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
      3) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта басталып кету мүмкіндігінің жоқ екеніне көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт болған алқапта жұмысшы өрт сөндірушілер командаларының кезекшілік атқаруы.
      20. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі орман өрттерін сөндірудің мынадай тәсілдерін пайдаланады:
      1) төменгі өрт жиегін сабалау немесе оған топырақ шашу;
      2) жер өңдейтін құралдар мен жарылғыш материалдардың көмегімен минералдандырылған жолақтар мен орлар тарту;
      3) өрттерді сумен немесе от өшіретін химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
      4) жағу немесе қарсы от жіберу.
      21. Өртті жойғаннан кейін орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері жасырын жану ошағынан орманның қайта тұтануынан алдын алу үшін өрт ошағын қарауылдауды қамтамасыз етеді.

4. Орман өрт сөндіру станциясын жарақтандыру

      22. Орман өрт сөндіру станциясы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-23) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, орман қорын пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерге сәйкес өрт сөндіру техникасымен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен жарақтандырылады.
      23. Өрт сөндіру техникасы, жабдықтар және байланыс құралдары өрт қаупі бар маусым аяқталғаннан кейін жөнделіп, орман өрт сөндіру станциясында сақталады.
      24. Өрт қаупі бар маусым басталардан бір ай бұрын өрт сөндіру техникасы, жабдықтар және байланыс құралдары орман өрттерімен күрес жөніндегі жұмыстарға толық дайындық жағдайына келтіріледі.
      25. Өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету үшін орман өрт сөндіру станциясында:
      1) ауа райы жағдайлары бойынша өрт қаупінің сыныбын анықтау мақсатында метеорологиялық бақылаулар өткізу үшін метеобекет;
      2) құжаттарды, орман екпелерінің жоспарын және көлік жолдары, өрт бақылау мұнараларының (бекеттерінің), өртке қарсы тосқауылдар мен су көздерінің орналасуы көрсетілетін орман өрті картасын сақтауға арналған үй-жай;
      3) өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін орналастыру үшін, сондай-ақ жабдықтар, өрт сөндіретін құрал-саймандар, далалық асхана, жеке қорғану құралдарын, жауынгерлік киім мен әбзелдер сақтау үшін үй-жай;
      4) өрт сөндіру машиналары үшін жылытылатын гараж, күзет машиналары мен тракторлар үшін жабық тұрақтар құрылады.
      26. Орман өрт сөндіру станциясы мемлекеттік орман иеленушімен немесе орманшылықпен, орман өртін сөндіруде жұмыс істеп жатқан өрт сөндіру техникасымен және өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен телефон және радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
      27. Авиациялық қарауылдау жүзеге асырылатын аудандарда орман өрт сөндіру станциясының жанынан қарауыл тікұшағының (ұшағының) экипажынан мәліметтер қабылдау бекеті ұйымдастырылады және тікұшаққа арналған қону алаңы жасалады.

Мемлекеттік орман иеленушінің
ормандағы өрт сөндіру станциясы
туралы ережеге       
қосымша            

Нысан

     Келісілген                                 «Бекітемін»
_______________________________        ______________________________
(өртке қарсы қызмет                     (мемлекеттік орман иеленуші
  бөлімшесінің басшысы)                          басшысы)

Орман өрт сөндіру станциясының
паспорты

Орман өрт сөндіру станциясының
орналасқан жері _____________________________________________________
                                 (заңды мекенжайы)
Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
                                      (атауы)
Орманшылық __________________________________________________________
                                      (атауы)

Орман өрт станциясымен қызмет ететін аумақ:

Орамдардың нөмірі

Жалпы ауданы, мың. гектар

Оның ішінде жерлер

орманды

ормансыз

барлығы

оның ішінде орман көмкерген жерлер

1

2

3

4

5






Жиыны:





Ормандағы өрт сөндіру станциясының өртке қарсы
қызметі қызметкерлерінің тізімі

Р/с №

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Жұмыс өтілі

Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі, күні

Жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы бұйрықтың нөмірі, күні

1

2

3

4

5

6







Ормандағы өрт сөндіру станциясына тұрақты бекітілген өрт сөндіру техникасының, құрал-жабдықтардың, әбзелдердің, көлік және байланыс құралдарының тізбесі

Р/с №

Атауы

Үлгі, маркасы

Шығарылған жылы

Нөмірі

Орман өрт станциясына түскен күні

Өткізілген жөндеу жұмыстары туралы белгі

Тізбеден алып тастау негізі мен күні

қозғалтқыш

шасси

рама

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































Ормандардың өртке қарсы жабдықталуының шартты белгілері

Р/с №

Объект атауы

Бейнеленуі

1.

1-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы

2.

2-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы

3.

Өртке қарсы құрал-жабдықтардың, ұсақ өрт әбзелдері топталған бекет базасы (қойма)

4.

Мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесі

5.

Орманшылық кеңсесі

6.

Орман кордоны

7.

Метеобекет

8.

Медициналық бекет

9.

Өртке қарсы қызметінің ДПС орналасқан жері

10.

Авиабөлімнің орналасқан жері

11.

Өрт қадағалау мұнарасы (бекет)

12.

Тікұшақ алаңы

13.

Хабарландыруларды қабылдау бекеті

14.

Демалыс орны

15.

Алау жағылатын жер

16.

Орман өрт станциясының

әрекет ететін ауданы

17.

Өртке қарсы жыртылған жерлер

18.

Минералданған жолақтар

19.

Өрт сөндіру су айдындары

20.

Орман өртенген жер, саны – реттік нөмірі

Ормандағы өрт сөндіру станциясы жүзеге асыратын байланыс схемасы

Р/с №

Объект атауы

Бейнеленуі

1.

Стационарлық радиостанция

2.

Мобильдік радиостанция

3.

Көшпелі радиостанция

4.

Телефон аппараты

5.

Радиобайланыс

6.

Телефон желісі

7.

Қарауылдайтын ұшақ (тікұшақ)

Кірме жолдардың шартты белгілері

Қызыл – өрт сөндіруге

Сары – қарауылдауға

Жасыл – оқу-жаттығуға

Көк – өзгелері





Өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне бекітілген өрт сөндіру техникасы, құрал-жабдықтары және байланыс құралдары туралы мәліметтер

Р/с №

Атауы

Үлгісі, маркасы, нөмірі, қозғалтқышы, шассиі, рамасы, шыққан жылы

Техникалар, құрал-жабдықтар бекітілген қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымдары

Техника мен құрал-жабдықтарды бекіту күні мен беру күні

Техника мен құрал-жабдықтар берілген және бекітілген кездегі олардың жай-күйі

1

2

3

4

5

6







Өрт сөндірудің химиялық от өшіру құралдарын есепке алу туралы мәлімет

Р/с №

Химикаттардың, шылауыштардың атауы

Келіп түсуі

Шығыс

Қалдығы

күні

массасы, килограмм (дана)

күні

массасы, килограмм (дана)

күні

массасы, килограмм (дана)

1

2

3

4

5

6

7

8









Келесі айдың бірінші күніне от өшіретін химикаттар мен шылауыштардың қозғалысы туралы мәлімет

Р/с №

Химикаттар мен шылауыштардың атауы

Есепті айда жұмсалғаны, килограмм, дана

Қалғаны, килограмм, дана

1

2

3

4





Өртке қарсы қызметітің қызметкерлеріне өткізілген нұсқаманы, оқу мен жаттығуларды есепке алу жөніндегі мәліметтер

Р/с №

Күні

Пысықталатын мәселелердің тақырыптары

Сағаттар саны

Қызметкерлердің тізімі

Нұсқама, оқу, жаттығулар өткізетін тұлғалардың лауазымы мен қолы

1

2

3

4

5

6







Ауа райы жағдайлары бойынша өрт қаупі туралы мәліметтер

Р/с №

Күні

Жауын-шашын мөлшері, миллиметр

Ауа температурасы, градус

Температура мәні мен шық нүктелері арасындағы айырма

Ауа райының өрт қауіптілігінің қаупінің кешенді көрсеткіші

1

2

3

4

5

6







__________________ орман өрт станциясы
    (атауы)
жеке құрамының жұмыс есебі

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Жұмыс істелген адам-күн

Барлығы

оның ішінде

өрт сөндіруге

оқу және жаттығу

ормандарды өртке қарсы жабдықтауға

басқа жұмыстарға

кезекшілік

1

2

3

4

5

6

7

8









Есепті айдағы жеке құрам еңбегінің, техниканың, машина-ауысымының шығындары

Р/с №

Еңбек шығынының өлшем бірлігі

Барлығы

Есептік кезеңдегі жұмыс жасалғаны

барлығы

оның ішінде

өрт сөндіруге

ормандарды өртке қарсы жабдықтау бойынша жұмыстарға

1.

Адам-күн





2.

Машина-ауысым





3.

Трактор-ауысым





Ормандағы өрт сөндіру станциясының жұмысын есепке алу карточкасы
20____ жылғы _______________
_________________________________________________ бойынша
(мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

Р/с №

Көрсеткіштер

Ай күндері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

1.

Өрт қауіпсіздігінің сыныбы


















2.

Кезекші қызметкерлердің саны


















3.

Белгілеу бойынша бару және оны жалпы жалғастыру саны


















4.

Баруға қатысқан өртке қарсы қызметі қызметкерлеріндің саны


















5.

Болған өрттердің саны


















6.

Орман өрт станциясымен сөндірген өрттердің саны


















кестенің жалғасы

Ай күндері

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31





















































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады