"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 428 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 2703 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қыркүйектегі № 418 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 07.09.2016 № 418 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Қыдыралыұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауданының әкімі М. Мұсаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 428 қаулысымен бекітілді

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру функциялары бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
      2. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай құрылымдық мекемелері бар:
      а) Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсету" құрылымдық бөлімшесі;
      б) "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттегі атқару органдарға арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады, егер "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
       - Жамбыл ауданы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасын және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясат құру және іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.
      15. Міндеттері:
      1) барлық тұлғалардың халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріндегі заңдық және құқықтық актілерінің орындауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру;
      2) кедейшілік және жұмыссыздықты төмендету бағдарламаларының әлеуметтік даму және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
      3) отбасы, ана мен бала, мүгедектер және әлеуметтік көмекті қажет ететін халықтың басқа да өкілдеріне мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының орындалуын, әдістемелік-үйлестіру көмектерді ұйымдастыру;
      4) халықтың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру;
      5) мүгедектерді ортопедиялық протездермен, тифло және сурдо аппараттарымен қамтамасыз етуге ықпал ету;
      6) әлеуметтік төлемдер төлеу үшін белгіленген қаржы құзірет шегінде қаражатты уақтылы аударылуын қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен анықталған халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау аясында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, әкімнің қаулыларын, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерін орындау;
      2) халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуға қатысты заңнамалық актілерін түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу;
      3) барлық қызмет бағыттары бойынша аудандағы халықты жұмыспен қамту сұрақтары бойынша аудандық өкілетті органдардың қызметін үйлестіру және оларға әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету;
      4) жұмыссыздарды кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, оқу орындарының қажеттілігін анықтау, оқу бағдарламаларын таңдау, білім беру орындарымен және өндірісте оқыту үшін кәсіпорындармен келісім шартқа тұру;
      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына талдау жасау және оны жетілдіру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      6) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттарына кіретін мақсатты топтарға қосымша жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу;
      7) аумақтық әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне, жұмыспен қамту орындарына келген жұмыссыздардың кәсіптік құрамына талдау жүргізу, еңбек нарығының тепе-теңдігінің сақталмауының себебін анықтау және ретке келтіруінің шұғыл шараларын қолдану;
      8) еңбек нарығында кадрлар жағдайына болжамдық-талдау базасын жасау/оқу орындарын бітіргендердің кәсіби құрамына сәйкес халықты жұмыспен қамту қызметіне келгендерге, еңбек нарығындағы сұранымдарға;
      9) азаматтарға қызмет көрсету жұмыстарының тиімділігін талдау жасау және жұмыстың жаңа түрлері мен тәсілдерін қолдану;
      10) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ақпараттар тарату;
      11) ведомстволық және статистикалық есептерді дайындау және оларды белгіленген уақытта тиісті мекемелерге тапсыру;
      12) азаматтардың әлеуметтік құқығын іске асырудың тиімді әдістерін енгізу, оларды Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
      13) тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындалған кезде қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық заңдардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;
      14) мүгедектерді, кемтар балаларды, соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, ядролық қаруды сынау барысында зардап шеккен азаматтарды, оралмандарды, қайтыс болған және қаза тапқан әскери адамдардың ата-аналарын және басқа да әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар санатын әлеуметтік қорғауға арналған заң актілерін жұмысын ұйымдастыру және оның орындалуын қадағалау, олардың мәдени және медициналық жағдайларын жақсарту іс-шараларын орындау;
      15) мүгедектерді ортопедті протездермен, тифло, сурдо аппараттармен қамтамасыз етілуіне іс шаралар ұйымдастыру;
      16) кедейшілік деңгейін төмендету бағдарламасының аудандық кешенді бағдарламасы бойынша мәліметтер мен ақпараттардың жинақталуы бойынша шараларды жүзеге асыру;
      17) халықтың тұрмысы төмен санатына және мүгедектер мен ардагерлер санаттарына жататын азаматтарға демеушілік, қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдық қорлармен бірлесе әрекет жасау және оны үйлестіру;
      18) тұрмысы төмен азаматтарды анықтау және олардың мәртебесін айқындау, соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмыс жасау;
      19) азаматтарды қабылдауды және оларға жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша кеңес беруді жүзеге асыру;
      20) аудан әкімдігі бөлімінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды қарау, оларға тиісті шаралар мен қолданылып жүрген заңдардағы тәртіпті және басқа да жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша құқықтық актілерді түсіндіру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша ұйымдардың қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау, қолданылуын түсіндіру;
      2) бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларға іріктеу жұмыстарын жүргізу, еңбек тәртібін күшейту жөніндегі шаралар қабылдау;
      3) мүдделі органдарға статистикалық және бухгалтерлік есептерді және қажетті ақпараттарды белгіленген уақытта және керекті көлемде беріп тұру;
      4) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардан түскен өтініштерді, арыздарды және ұсыныстарды уақтылы қарау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Жамбыл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      
"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, бірінші басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады