"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 89 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 2580 болып тіркелді

      Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нарбай Әбілқасымұлы Ергебековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Құлекеев

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 89 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдерінің, шешімдері және осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі № 12 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      13. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Жуалы ауданы аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы функцияларды жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) басқару органдарында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулыларын және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа актілерінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерінің, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, тәуелсіз меншік түрлерінің және ведомоствалық бағыныстағы, бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша орындалуының бақылауын жүзеге асыру;
      2) аудан аумақтарында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, көлік және жол ұйымдарының, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңартудың және нығайту мәселелері мен ұйымдардың және кәсіпорындардың қуаттылығын тиімді пайдалану қызметтеріне талдауын жүзеге асыру;
      3) автомобиль жолдары бойынша мемлекеттік бағдарламасын және жол ұйымдарына көмектесу бойынша, сол саладағы қызметшілердің жұмыстарының аудандық деңгейде орындау.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерінің, Жуалы ауданы әкімінің және әкімдігінің актілерінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
      2) аудан әкімі аппаратымен, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен, аудан әкімдігінің барлық бөлімдерімен және аудандық ведомостволары мәселелері бойынша, Мекеменің құзіретіне енетін ұйымдық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету;
      3) әкімдік отырыстарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының мәселелері бойынша материалдарды дайындауға қатысу;
      4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты анықтау, бағдарламаларын іске асыру және өңдеуге қатынасу;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметіне байланысты жаңа технологиялардың өңдеуі бойынша байланыстарды жүзеге асыру;
      6) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарымен қызметтері саласында орындалатын жұмыстардың сапасын жақсартуға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-практикалық іс-шаралардың өткізілуіне және дайындауына қатысу;
      7) аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметтерінде прогрессивтік түрлерінің жұмыстарын жарықтандыру;
      8) аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық бойынша жұмыс үйлестіру;
      9) көріктендіру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу-электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализациямен, ауданның тазалық сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу, бақылау;
      10) ауданның көше-жол жүйесіндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту;
      12) сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      13) аудандық жолаушылар тасымалы мен таксилердің жүйелі маршруттарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      14) елді мекендерді көріктендіру,елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыс жүргізу, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      15) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою қызметі бойынша бақылау жүргізу;
      16) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға. Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
      2) аудан әкіміне, ауылдық округ әкімдерінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) мекеменің құзіретіне енетін мәселелер бойынша, ақпараттық аналитикалық және басқа материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
      4) атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;
      5) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерінің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мекеменің атынан сенім хатсыз іс-әрекеттер жүргізеді;
      2) барлық органдарда мекеменің мүддесін қорғайды;
      3) өз мамандарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      4) Заңдарда көзделген жағдайлар мен шеңберінде мүлікке билік етеді;
      5) шарттар жасайды;
      6) сенім хаттар береді;
      7) мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, Қазақстан және шет ел оқу орталықтарында қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттырудың басқа түрлері туралы тәртібі мен жоспарлар бекітеді;
      8) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      9) қызметкерлеріне міндетті болып табылатын бұйрықтар қабылдайды, нұсқаулар береді;
      10) уәкілетті органдармен тағайындалатындарды қоспағанда, мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, шығарады;
      11) мекеменің қызметкерлерін марапаттайды, тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      12) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
      14) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ""Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі

      1. Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жуалы-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      2. "Жасыл Ел-Жуалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады