Жуалы аудандық мәслихатының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 47-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 2848 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы №51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 18.01.2016 № 51-3 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Жуалы аудандық мәслихатының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жуалы аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      М. Айжанов Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 47-5 шешімімен бекітілген

Жуалы аудандық мәслихатының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жуалы аудандық мәслихатының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Жуалы аудандық мәслихатының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Аудандық мәслихат аппаратының бөлімше басшысы және бас мамандары үшін аудандық мәслихат аппаратының басшысы Комиссия төрағасы болып табылады, аудандық мәслихат аппаратының басшысы және аудандық мәслихат хатшысының кеңесшісі үшін аудандық мәслихат хатшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік органның бас маманы (кадр қызметінің) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Бас маманы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Бас маманы қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын бас маманынан алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын бас маманына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маманы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бас маман бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде бас маманына жіберіледі.
      16. Бас маман осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Бас маман қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы;
      b – тікелей басшының бағасы;
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Бас маман Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Бас маман Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Бас маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маманы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бас маманда сақталады. 

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Жуалы аудандық мәслихатының
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесіне 1-қосымша

            нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

       Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________________
       Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

№р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) ______________
күні қолы_________
Тікелей басшы (Т.А.Ә.) _____________________
күні______________________________________
қолы_____________________________________
 

  Жуалы аудандық мәслихатының
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 2-қосымша

            нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:___________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________


р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 

  Жуалы аудандық мәслихатының
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 3-қосымша

            нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

       ______________________________________________________
       (мемлекеттік орган атауы)


р/р
Қызметшінің Т.А.Ә.
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ______________________________________________________________
       Тексерген:
       Комиссия хатшысы:_______________________ Күні:_________________
       (Т.А.Ә., қолы)
       Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _________________
       (Т.А.Ә., қолы)
       Комиссия мүшесі:_________________________ Күні: _________________
       (Т.А.Ә., қолы)
      

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Жуалынского районного маслихата

Решение Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 13 ноября 2015 года № 47-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 8 декабря 2015 года № 2848. Утратило силу решением маслихата Жуалынского района Жамбылской области от 18 января 2016 года № 51-3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жуалынского района Жамбылской области от 18.01.2016 № 51-3.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Жуалынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Жуалынского районного маслихата.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на руководителя аппарата Жуалынского районного маслихата.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Секретарь
      районного маслихата районного маслихата
      М. Айжанов Е. Тлеубеков

  Утверждено решением
Жуалынского районного маслихата
от 13 ноября 2015 года № 47-5

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Жуалынского районного маслихата

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Жуалынского районного маслихата разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Жуалынского районного маслихата (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Для начальника подразделения и главных специалистов аппарата районного маслихата председателем Комиссии является руководитель районного маслихата, для руководителя аппарата районного маслихата и советника секретаря маслихата председателем Комиссии является секретарь районного маслихата.
      Секретарем Комиссии является главный специалист (кадровой службы) государственного органа. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Главный специалист формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Главный специалист уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от главного специалиста, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист главному специалисту в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае главным специалистом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется главным специолистом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются главному специалисту в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Главный специалист осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется главным специалистом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего;
      b – оценка непосредственного руководителя;
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно";
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно";
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Главный специалист обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Главный специалист предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      при допущении ошибки главным специалистом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Главный специалист ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае главным специалистом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся у главного специалиста.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

  Приложение 1 к Методике
ежегодной оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса "Б"
Жуалынского районного маслихата

            форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. оцениваемого служащего: _______________________________
      Должность оцениваемого служащего: ___________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
Ознакомлен(а):
Служащий (Ф.И.О.)
______________________
дата __________________
подпись _______________
Непосредственный руководитель (Ф.И.О.)
______________________________________
дата____________________________________
подпись ________________________________
 
 
 
 
 
 

  Приложение 2 к Методике
ежегодной оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпус "Б" Жуалынского
районного маслихата

            форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. оцениваемого служащего:________________________________
      Должность оцениваемого служащего: ______________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 

  Приложение 3 к Методике
ежегодной оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" Жуалынского
районного маслихата

            форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________
       (наименование государственного органа)


п/п
Ф.И.О. служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      __________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:_______________________ Дата: __________
      (Ф.И.О., подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата:___________
      (Ф.И.О., подпись)
      Член Комиссии:____________________________ Дата: __________
      (Ф.И.О., подпись)