"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 259 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 2701 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 15.12.2016 № 419 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 259 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 201 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      13. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) аудан аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру, "Қазақстан Республикасындағы "Мәдениет туралы", "Тіл туралы", мәдениет, тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
      2) халықтың өнерпаздық және кәсіби шығармашылығын жан-жақты дамуына көмектесу, байқаулар, конкурстар, фестивальдар, халық шығармашылығы көрмелерін, шығармашылық есебін, концерттер өткізу;
      3) өнерпаз авторлармен жұмыс жүргізу, әуесқой бірлестіктерін құрып, композиторлар, ақын-жазушылар, суретшілер шығармаларын көпшілікке түсіндіру;
      4) мәдениет мекемелерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып мемлекеттік және де басқа тілдерді үйрету жөніндегі орталықтар ашуға байланысты шаралар қолдану;
      5) мәдени демалыс қызметін жүзеге асыру;
      6) аудан көлемінде ұлттық мәдени мерекелер мен фестивальдер өткізу;
      7) аудан аймағында тұратын ұлттық мәден дәстүрлерді қайта жандандыруға ықпал жасау;
      8) ұлттық мәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынас және шығармашылық байланыс бекіту;
      9) тіл саясатын оң тәжірибені жинақтау және тарату, аудан тұрғындарын тілдері туралы заңнаманы жүзеге асырылу барысы туралы хабардар ету;
      10) мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін және кадрлардың біліктілігін көтеру мақсатында семинар, практикалық жұмыс, байқаулар, конкурстар және басқа да іс – шаралар ұйымдастыру;
      11) жастар саясаты саласындағы тілдердің қолданылуы мен дамуы және бөлім құзыретіне енетін басқа да бағыттар бойынша аудандық бағдарламалар әзірлеуге, жүзеге асыруға қатысу.
      15. Міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет ұйымдарын бақылау;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда тілдер туралы заңнамалардың орындалуын бақылау;
      3) топономикалық атауларды зерттеу және есепке алуды ұйымдастыру. Ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      4) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы орталық атқарушы органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес басшы және мәдениет қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді және мәдени қызметкерлерге біліктілік санаттарын береді;
      5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
      6) аймақтық деңгейде мәдениет кадрларын қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;
      7) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оны жұмыс істеу ережелерін бекітеді;
      8) жылдық қаржы есебін бекітеді;
      9) заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      16. Функциялары:
      1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;
      2) коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;
      3) коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануын бақылайды;
      4) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      5) коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
      6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;
      7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
      8) жылдық қаржы есебін бекітеді;
      9) заңнамамен бекітілген өзге қызметтерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Бөлім өз функцияларын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
      2) өз құзырының шегінде мәдениет мекемелерінен, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;
      3) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, мәдениет мекемелерінің жұмысын үйлестіреді;
      4) бөлімге қарасты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мәдениет мекеме басшыларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
      3) өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      4) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      5) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      6) барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      8) жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;
      9) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      10) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың орынбасарларын, әдіскерлерін тағайындау және босатуға келісім береді;
      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
      12) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
      14) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
      15) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекеме тізбесі
      1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қордай аудандық тарихи – өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады