"Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 266 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 32 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 ақпанда № 2515 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 442 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 16.11.2016 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2298 болып тіркелген, 2014 жылдың 20 тамызында № 78 (9508) аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бектілген "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      16 тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "- 7 түрі бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (тууды, некені қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, бала/қыз асырап алу, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды, қайтыс болуды тіркеу);
      - азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қайталама куәліктер, анықтамалар беру;
      - "АХАЖ ТП", "ХҚКО ИАЖ" жүйесін жүргізу;
      - e.gov.kz электронды Үкімет порталы бойынша қызмет көрсету;
      - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсету;
      - мемлекеттік органдарымен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру тағы да басқа;
      - бақылау қадағалау өкілеттілігі берілген мемлекеттік органдарына ақпарат беру;
      - өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенция бойынша);
      - азаматтардың жүгінуі бойынша қызмет көрсету;
      - нотариус, адвокаттардың сұранысы бойынша жауап қайтару;
      - әділет органдарына есеп беру;
      - мемлекеттік ұйым, органдарынан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұрату және қайтару".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Әлімқұлұлы Шыршынбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады