"Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 05/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 3085 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 35/14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 20.12.2016 № 35/14 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қала әкімі аппаратаның қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
      2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 28/16 қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы Е.Б. Кәтжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жезқазған қаласының әкімі
Б. Ахметов

      

 
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 25 ақпандағы №
05/01 қаулысымен бекітілген

"Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жезқазған қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, , Алаш алаңы, 1 үй. пошта индексі: 100600.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Аппарат акима города Жезказган".
      11. Осы Ереже "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала әкімінің қызметін сапалы әрі уақытылы ақпараттық-талдамалық қолдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
      2) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
      3) "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      16. Функциялары:
      1) қала бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді ;
      2) қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етеді;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтың хал актілерін тіркеуді үйымдастырады және тіркеу туралы мәліметтерді жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзінің құрылымдық бөлімдері мен басқа да бөлімшелер арқылы қала әкімі мен әкімдігінің құзіреттілігіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және қала бюджетінен қаржыландырылатын өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға және сұрауға;
      2) бекітілген заңнама және өзге де нормативтік құқықтың актілер негізінде әкім мен әкімдіктің жүргізетін құжаттары мен материалдарына қажетті ақпараттарды, қала аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
      3) ақпараттық деректер түрлерінің барлығын, оның ішінде, атқарушы органдардың өкіміндегі құпия деректерді қолдануға;
      4) заңнамалық актілердің, қаланың және Қарағанды облысы әкімдіктерінің өзге де нормативтік және басқада құқықтық актілерінің, қала әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуы бойынша қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға және басқа мекемелерге, сондай-ақ, қала аумағында жұмыс істейтін қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға тексеріс жүргізуге және анықталған кемшіліктерді жою үшін ұсыныс енгізуге;
      5) қала әкімі аппараты қызметкерлерінің, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар мен органдардың басшылық құрамдарының лауамыздарына тағайындалуы және лауазымдарынан босатылуы туралы, оларды марапаттауға немесе тәртіптік жазаға тарту туралы қала әкіміне және оның орынбасарларына ұсыныстар енгізуге;
      6) қала әкімі мен оның орынбасарларының, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкім аппараты басшысының тапсырмалары бойынша қала әкімі және оның орынбасарларының жанындағы аппарат жиналыстарына, әкімдік отырыстарына қарау үшін сұрақтар дайындау сондай-ақ, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құзіретіне қатысты шешімі қиын мәселелерді шешу және зерделеу үшін мемлекеттік органдар қызметшілерін, қала бюджетінен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерін тартуға;
      7) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, келісімшарттар жасап, заңнамаға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді орындауға;
      8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерін ұштастыра отырып жүзеге асыру;
      9) қаланы дамытудың әлеуметтік-экономикалық жоспарын, жергілікті бюджетті әзірлеуге қатысу және бақылау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      10) қала әкімі мен әкімдігіне есеп беретін атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және бақылау;
      11) әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару, еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон, әлеуметтік сақтандыру саласында саясатты әзірлеу және осы мақсатта мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау және талдау жүргізу үшін олардан уақытында ақпарат алу, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қағидаттарын қалыптастыру;
      12) Қазақстан Республикасының заңдары, Президент пен Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкіметтің актілерінің, облыс пен қала әкімінің өкімдері мен тапсырмаларының, облыс және қала әкімдігінің қаулыларының орындалуына бақылау жасау, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамаудың себебі мен жағдайын жою бойынша шаралар қабылдау;
      13) облыс, аудан әкімдері аппараттары, облыстық және қалалық мәслихаттар, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу;
      14) қала әкімдігін, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыда, қала әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді, халықаралық кездесулерді, ресми өкілдердің қалаға сапарларын ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;
      15) қала әкімі жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтардың жеке қабылдануын ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізуді жетілдіру, құпия құжаттармен жұмыс істеу, іс қағаздарының мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуін қамтамасыз ету;
      16) қала әкімінің қатысуымен өтетін шараларды ұйымдастыру және ақпараттық жағынан қамтамасыз ету, қала әкімі мен оның орынбасарларының күнделікті жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру, олармен өзара әрекеттесе жұмыс істеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын, қаладағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды және мәселелерді шешу жолдарын түсіндіру;
      17) қала әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстар өткізу, оқыту, машықтандыруларды ұйымдастыру, кадрлар қорын қалыптастыру;
      18) қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын сақтау;
      19) қала әкімі мен оның аппаратының қызметкерлерін қаржылық-шаруашылық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оның одан әрі жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды облысының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      20. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары болады.
      21. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ, ондағы өзгерістерді қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) қаланы басқару сызбасын, әкім аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылым жобасын әзірлейді, бекітілген сандық лимиттердің сақталуына бақылау жасайды;
      3) "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жалпы басшылық жасайды, қала әкімі мен әкімдігі жұмыстарын ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімдер мен "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын (әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері) атқарушы органдар жұмыстарын үйлестіру және бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
      4) қала әкімдігіне қалалық әкім аппаратының Ережесін, құрылымын және штаттық кестесін және ондағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
      5) бөлімдердің және "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының, мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      7) әкім және әкімдіктің құзіреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобасын, қаланың тіршілік әрекетіне қатысты өзге де қызметтік құжаттарды қала әкімі мен әкімдігінің бекітуіне әзірлейді және ұсынады, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне келісу үшін өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
      8) белгіленген ережелерге сәйкес қала әкімі мен әкімдігі әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде жүзеге асырылуын "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз ететін бұрын қабылданған актілер бойынша) нормативтік құқықтық актілер мониторингісін тұрақты түрде жүргізу;
      9) "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз жұмыс істейді және мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынас барысында өз құзіреті шеңберінде оның мүддесін қорғайды;
      10) "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен, қалалық мәслихатпен, "Малшыбай, Кеңгір, Талап селолары әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесімен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, қала және облыс аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен, саяси партиялар және қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қала халқымен үнемі байланыста болады;
      11) қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін, әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларын "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын ұйымдастырады, бақылау жасайды әрі тексереді;
      12) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ, олардың стандарттар мен регламенттер талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулерін бақылайды;
      13) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың жұмыстарын бағалау бойынша қала әкіміне ұсыныс енгізеді;
      14) еңбек қатынастары мәселелері лауазымды тұлғалар мен жоғары тұрған мемлекеттік органдар құзіретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, өз құзіреті шеңберінде "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне ортақ міндетті қызметтік хаттарға қол қояды, бұйрықтар шығарады және нұсқау береді;
      15) "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының жұмысына жалпы басшылық жасайды, атқару және еңбек тәртібінің сақталуын, кадрлық қызметті бақылайды және құжат айналымын ұйымдастырады;
      16) қала әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бөлімдері, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымдарына тағайындау және босату туралы ұсынысты қала әкімінің келісуіне енгізеді;
      17) "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа, қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды әзірлейді және қабылдайды;
      18) қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілетін "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындайды және оны әкімге ұсынады, сонымен қатар бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      19) жеке мәселелер бойынша "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметшілері мен азаматтарды қабылдайды;
      20) қалалық сайлау комиссиясы мен қалалық мәслихатпен үнемі байланысты қамтамасыз етеді;
      21) заңнамалар және осы Ережемен жүктелген өзге де қызметтерді іске асырады;
      "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады