"Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/9 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 3051 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 02.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/28 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/29 "Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергей Николаевич Тымченкоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны ресми алғаш жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Н. Сұлтанов

      

 
Теміртау қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы
19 ақпандағы
№ 7/9 қаулысымен бекітілген

"Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) өз құзыреттілігі шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару, Теміртау қаласының әкімі (бұдан әрі – әкім) анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу саласында іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Занды тұлғаның орналасқан жері: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау".
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: қалалық коммуналды меншікті онтайлы және тиімді басқаруды, коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалауды қамтамасыз ету және де қала әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және жүргізеді.
      15. Міндеттері:
      1) қалалық коммуналды меншікті онтайлы және тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
      2) қала әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында бюджет шығындарын онтайлы және үнемді пайдалануды қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) өз құзыры шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықты актілер әзірлейді;
      2) қалалық коммуналдық мүлікті тиімді және мақсатты қолдануына бақылауды жүзеге асырады;
      3) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, қалалық коммуналдық меншікті, оның ішінде қалалық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы пакеттермен және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерімен иелену, қолдану, басқаруды жүзеге асырады;
      4) "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес қалалық коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша сауда жүргізу туралы хабарландыруды жариялау үшін кезеңдік баспа өнімдерін анықтау бойынша конкурс жүргізеді;
      5) қалалық коммуналдық мүлік есебін жүргізеді, оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік тізімін жүргізеді;
      6) коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы Теміртау қаласы әкімдігімен қабылданған шешімдер бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шартын әзірлеуді және жасауды, сату-сатып алу шарттарының бұзылмауына бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
      7) Теміртау қаласы әкімдігі белгілейтін тәртіп бойынша қалалық коммуналдық мүлікті, соңынан сатып алу құқығысыз, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға (арендаға), сенімді басқаруға ұсынады;
      8) қалалық коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша міндеттердің сенімді басқарушылармен орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      9) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен иесіз, мемлекетке мұрагерлік құқықпен ауысқан, сонымен қатар иесіз мүлік, өтеусіз тәртіппен көшкен қараусыз жануарлар деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен коммуналдық меншікке (келіп түскен) бағытында қалалық коммуналдық меншікті әрі қарай қолдану және бағалау, сақтау, есебін жүргізуді ұйымдастырады;
      11) қала әкімі анықтаған бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді іске асыру;
      12) Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден және басқа да ұйымдардан бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді сұрауға және алуға;
      2) атқарушы органдар құзырлығындағы ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, оның ішінде құпияларды пайдалануға;
      3) қарастыруға жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
      4) коммуналдық қызметтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасауға, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік актілерді әзірлеуге;
      5) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады..
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Теміртау қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілдіктері:
      1) мемлекеттік мекеменің құрылымын, сонымен қатар олардағы өзгерістерді қалыптастырады;
      2) мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын, ұйымдастыру - құқықтық, қаржы – техникалық және бөлімнің қаржылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, бөлімнің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді;
      3) мемлекеттік мекеменің мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      6) барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулар мен бұйрықтар береді;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ынталандыру бойынша шаралар қабылдайды;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады..
      22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау"

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 19 февраля 2015 года № 7/9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 17 марта 2015 года № 3051. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 2 июня 2016 года № 22/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 02.06.2016 № 22/2.
      Руководствуясь Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением акимата города Темиртау от 12 января 2015 года № 1/28 "О реорганизации некоторых государственных учреждений, финансируемых из бюджета города Темиртау", на основании постановления акимата города Темиртау от 12 января 2015 года № 1/29 "Об утверждении структуры местного государственного управления и лимита штатной численности исполнительных органов города Темиртау" акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Тымченко Сергея Николаевича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Аким города
Н. Султанов

      

 
Утверждено
постановлением акимата
города Темиртау
от 19 февраля 2015 года
№ 7/9

Положение государственного учреждения "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющий в пределах своей компетенции функций в сфере управления городским коммунальным имуществом, организации и проведения единых государственных закупок по бюджетным программам либо товарам, работам, услугам, определяемым акимом города Темиртау (далее - аким).
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 101400, Карагандинская область, город Темиртау, Бульвар Независимости, 12.
      9. Полное наименование государственного учреждения:
      на государственном языке – "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке – государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного (городского) бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      13. Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия: обеспечение рационального и эффективного управления городской коммунальной собственностью, учет, хранение, оценка, и реализация имущества, поступившего в коммунальную собственность, а также организация и проведение единых государственных закупок по бюджетным программам либо товарам, работам, услугам, определяемым акимом города.
      15. Задачи:
      1) обеспечение рационального и эффективного управления городской коммунальной собственностью;
      2) обеспечение организации и проведения единых государственных закупок по бюджетным программам либо товарам, работам, услугам, определяемым акимом.
      3) обеспечение рационального и экономного расходования бюджетных средств, при организации государственных закупок.
      16. Функции:
      1) разработка нормативно правовых актов в сфере управления государственным имуществом в пределах своей компетенции;
      2) осуществление контроля за целевым и эффективным использованием городским коммунальным имуществом;
      3) управление городским коммунальным имуществом, осуществление полномочия по владению, пользованию, в том числе пакетами акций в акционерных обществах и долями участия в хозяйственных товариществах, находящихся в городской коммунальной собственности;
      4) проведение конкурса в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О государственных закупках" по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации коммунального имущества;
      5) организация учета городского коммунального имущества, обеспечение его эффективного использования, в установленном порядке ведение реестра государственного имущества;
      6) осуществление приватизации коммунального имущества по принятым решениям акимата города Темиртау о приватизации городского коммунального имущества, привлечение посредника для организации процесса приватизации, обеспечение оценки объекта приватизации, осуществление подготовки и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;
      7) предоставление городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, в порядке определяемом акиматом города Темиртау;
      8) осуществление контроля за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления городским коммунальным имуществом;
      9) организация работы по передаче государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой;
      10) организация учета, хранения, оценка и дальнейшее использование городского коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, безхозным, перешедшего государству по праву наследования, а также вымороченного имущества, находок, безнадзорных животных безвозмездно перешедших в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность;
      11) осуществление организации и проведения единых государственных закупок по бюджетным программам либо товарам, работам, услугам, определяемым акимом города;
      12) осуществляет иные функции в соответствии c законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов и иных организаций, финансируемых из городского бюджета необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от должностных лиц по вопросам, отнесенным к компетенции отдела;
      2) пользоваться всеми видами информационных данных, в том числе секретными, имеющимися в распоряжении исполнительных органов;
      3) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению отдела;
      4) вырабатывать предложения по формированию государственной политики в сфере управления коммунальным имуществом, в пределах своей компетенции разрабатывает нормативные акты в сфере управления государственным имуществом;
      5) предъявлять претензии, иски, выступать в судах в качестве истца и ответчика.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимом города Темиртау в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      1) формирует структуру государственного учреждения, а также изменения в них;
      2) осуществляет общее руководство государственного учреждения, организует организационно-правовое, материально-техническое и финансовое обеспечение деятельности отдела, координирует и контролирует работу отдела;
      3) утверждает должностные инструкции специалистов государственного учреждения;
      4) контролирует исполнение законодательства о государственной службе;
      5) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;
      6) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;
      7) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      8) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.