Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 22/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 маусымда № 3308 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19–бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137–баптарын басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі жетпіс теңге көлемінде белгіленсін.
      2. "Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Акулова Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте осы қаулыны орындау бойынша шаралар жүргізсін.
      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 39/1 "Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 қарашадағы "Теміртау" газетінің № 44 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі

Н. Сұлтанов

       КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қалалық мәслихатының
      хатшысы
      _______________ В. Свиридов

       4 маусым 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады