"Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы N 05/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда N 3021 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 10.03.2022 № 18/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 02/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Ә.С. Омар


  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандығы № 05/04
қаулысымен бекітілген

"Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс салаларында мемлекеттік саясатты және тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      қаланың су, жылу құбырларын, тазарту қондырғыларын, электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылым нысандарының құрылысы және оларды күтіп ұстау шараларын ұйымдастырады;

      көлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

      қалалық маңызы бар автокөлік жолдарын салуды, пайдалануды және күтiп ұстау шараларын ұйымдастырады;

      мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй салуды және оны бөлуді ұйымдастырады;

      құрылыс үшін инженерлік іздестірулерді жүргізеді;

      нысандардың құрылысы бойынша негіздемелерді, болжамдарды, бағдарламаларды құрады;

      орнатылған тәртіпте жобалық құжаттамаларды (жобалық-сметалық) жасау, сараптамадан өткізу, келісім және бекіту жұмыстарын жүргізеді;

      жаңа құрылыстарды, сонымен қатар инженерлік және транспорттық коммуникацияларды, құрылымдарды, ғимараттарды, құрылымдарды ұлғайту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта құру, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      абаттандыру және көгалдандыру нысандарының құрылысын және аумағын инженерлік дайындауды қамтамасыз етеді;

      құрылысы аяқталмаған нысандарды консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      нысандардың постутилизациясы бойынша жұмыстар кешенін жүргізеді;

      мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

      апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешеді;

      кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастырады;

      кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімі мен кезегін анықтайды;

      кондоминиум нысанын басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге тұрғын үй көмегінің қатысы бар шығындар сметасына келісім береді;

      кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.

      16. Функциялары:

      қаланың энергетикалық кешенінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, сумен жабдықтау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар әзірлеу;

      меншік нысанына қарамастан коммуналдық кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      жылу беру көздерінің, жылу, су, кәріз құбырлары мен электр желілерінің, жолаушыларды тасымалдау кешендерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және қала тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қанағаттандыруға бағытталған жұмыс кешенін үйлестіру;

      тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарының қысқы маусымға дайындауға қажетті жұмыс көлемін, қаржыландыру көздерін анықтау, инвестиция тарту, бюджеттік несиелендіру іс-шараларын үйлестіру;

      өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылым нысандарын пайдалану және тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жасау;

      мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым нысандарын қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізу;

      қала бюджетін қалыптастыру кезінде инженерлік инфрақұрылымға күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына, жобалық-іздестіру жұмыстарына бюджеттік қаржыны және мақсатты трансферттерді жоспарлау мен бөлуге қатысу, ұсыныстар енгізу;

      халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және Сәтбаев қаласындағы мемлекеттік сайланбалы қызметтегі тұлғалар үшін пәтерлер сатып алу, техникалық-экономикалық негіздемелерді жобалау, нысанға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, қалпына келтіру, күрделі және ағымды жөндеу, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен, қаланы құрайтын және тағы басқа кәсіпорындар мен ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесе әрекет ете отырып қала және елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын үйлестіру;

      пәтер иелері кооперативтерімен, үй комитеттерімен, кондоминиум нысанын және басқа да басқару нысандарына қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін әдістемелік жұмыстар жүргізу;

      энергияны үнемдеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу, энергия үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу;

      мемлекеттік сатып алуға жататын жобалардың (бағдарламалардың) құрылысы қажет мердігерлік құрылыс жұмыстарына (жобалық, іздестіру, құрылыс үшін сараптама жұмыстарын қоса алғанда) тапсырыс беруші ретінде қатысу;

      бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыруы қарастырылған, заңнама тәртібімен орнатылған құрылыс нысандарының жобалары, аумақты инженерлік дайындау, көгалдандыруды және абаттандыруды, құрылысы аяқталмаған нысандарға консервациялауды жүргізуді, нысандардың постутилизация бойынша жұмыстар кешенін іске асыру;

      пайдалануға берілетін нысандарды Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қабылдау;

      тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін құралдармен қамтамасыз етілуін бақылау;

      кондоминиум нысанының үй-жай меншік иелерінің ортақ мүлік пен және инженерлік қондырғылардың техникалық жағдайына, нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстауына және жөндеу жұмыстарының уақытында жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;

      анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шешімдердің және нұсқама хаттардың орындалуына бақылау жүргізу;

      кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылау жүргізу;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын, қызметтік корреспонденцияларды қарау;

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша облыстық әкімдікке, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және тағы басқа мемлекеттік органдарға есеп беру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, қалалық комитеттер мен басқармалардан, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;

      өз құзыреті шегінде "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген функцияларға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру және өз құзіреті шегінде жекелеген сұрақтарды шешу мақсатында меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға материалдарды дайындауды тапсыруға, басқа басқармалар мен ұйымдар басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тарту жөнінде ұсыныстармен шығуға;

      белгіленген тәртіп бойынша "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанынан мамандардан тұратын кеңестік, қоғамдық кеңестер, эксперттік топтар құруға;

      қала әкіміне, әкімдігіне және қалалық Мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;

      облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты сәйкес ведомстваларға ұсыныстар енгізуге;

      өз құзыреті шегінде басқару органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жүзеге асыру үшін әдістемелік нұсқаулар мен түсіндірмелер жасауға;

      белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізуге;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерістер жүргізуге;

      тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;

      тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама хаттар шығаруға;

      мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша сотта талапкер, жауапкер және үшінші жақ болуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Қала әкімі "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      21. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:

      өз құзыреті шегінде "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары,құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;

      заңнамаға сәйкес "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      заңдарда белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі актілеріне қол қояды;

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің стратегиялық және ағымдық жұмыс жоспарларын бекітеді;

      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасары мен сектор меңгерушілерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады