"Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3024 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.04.2016 № 13/91 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 02/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Ә.С. Омар

      

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/03
қаулысымен бекітілген

"Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаныңдағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті аумақта ветеринария іс-шаралар жүргізуді, мал шаруашылығында пайдаланатын арнаулы көмбелер (көмінділер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
      тиiстi әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
      15. Функциялары:
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
      "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға
      Сәтбаев қаласының әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу (алып тастау) туралы ұсыныс шығаруға;
      жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген басқада құқықтар мен міндеттержі жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      заңдарға сәйкес "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      заңдарда белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
      қала әкімдігімен бекітілген штат санының лимиті аясында "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
      қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;
      заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншігіне жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Сәтбаев қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев"

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 24 февраля 2015 года № 05/03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 10 марта 2015 года № 3024. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 27 апреля 2016 года № 13/91

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 27.04.2016 № 13/91.
      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" и постановлением акимата города Сатпаев от 9 февраля 2015 года № 02/01 "О реализации постановления Карагандинского областного акимата от 9 января 2015 года № 01/04 "Об утверждении структуры местного государственного управления и лимита штатной численности исполнительных органов Карагандинской области" акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев".
      2. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии города Сатпаев" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города А.А. Ким.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Аким города
Ә.С. Омар

      

  Утверждено постановлением
акимата города Сатпаев
от 24 февраля 2015 года № 05/03

Положение
государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере ветеринарии.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстана и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решение, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, 101302, город Сатпаев, проспект академика Каныша Сатпаева, дом 111.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" осуществляется за счет средств местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии города Сатпаев" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев".
      Если государственному учреждению "Отдел ветеринарии города Сатпаев" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев": организация проведения ветеринарных мероприятий на соответствующей территории, строительство и содержание специальных хранилищ (могильников), используемых в животноводстве, а также осуществляет организацию санитарного убоя больных животных.
      14. Задачи:
      охрана здоровья населения от болезней общих для человека и животных;
      защита животных от болезней и их лечение;
      обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      охрана территории соответствующей административно-территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзотических болезней из других государств;
      предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      15. Функции:
      организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      организация и осуществление государственного ветеринарно - санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно - территориальной единицы;
      проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      выдача акта эпизоотологического обследования;
      осуществление государственного ветеринарно - санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
      осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно - санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      составление акта государственного ветеринарно - санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      организация санитарного убоя больных животных;
      прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;
      принятие, рассмотрение обращений граждан и юридических лиц по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" и сообщение заявителям о принятых решениях в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;
      выносить предложение о создании в установленном порядке чрезвычайных противоэпизоотических комиссий;
      выносить в акимат города Сатпаев предложение об установлении (о снятии) ветеринарного режима карантинной зоны с ведением карантинного режима или ограничительных мероприятий направленные на предотвращение распространения и ликвидацию заразных болезней животных;
      принимать решение об изъятии и уничтожении продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      осуществляет иные права и обязанности, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел ветеринарии города Сатпаев" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан акимом города Сатпаев.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев":
      определяет обязанности и полномочия всех работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев";
      в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев";
      в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев";
      в соответствии со своей компетенцией издает приказы;
      утверждает структуру государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" в пределах лимита штатной численности, утвержденной акиматом города;
      представляет государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" во всех государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;
      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел ветеринарии города Сатпаев", относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Сатпаев" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Сатпаев" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.