Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 "Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 346 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 маусымда № 3300 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 "Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2603 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі 16 (2103) нөмірінде және 2014 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентінде:
      7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т. Тәжбенов

      Қалалық
      мәслихат хатшысы                           Т. Хмилярчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады