"Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/11 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3035 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 15/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 14.04.2017 № 15/06 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай аудынының әкімі
С. Шайдаров

      

 
Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 07/11 қаулысымен
бекітілген

"Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметәнәң актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 3 ықшам ауданы, 43 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттері орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мелекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
      жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады;
      заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспралаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспраларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру.
      16. Функциялары:
      құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қщю туралы ұсыныстар енгізу;
      пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ қаланың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің бас жоспрарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы туралы аудан шешімді дайындау;
      аумақта жоспараланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
      салынып жатқан объектілердің мониторингін жүргізу;
      мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      ауданның жер балансын жасау;
      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 71 бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      жер-кадастрлық жоспарды дайындау.
      17. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден ақпаратты сұрауға және алуға;
      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оныңфункцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Абай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық мамандарға міндетті орындалу үшін, өкілетті шегінде бұйрықтар, нұсқаулар және тапсырмалар береді;
      2) барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
      3) бөлім қызметлерін қызметке тағайындағы және қызметтен босатады;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін анықтайды;
      5) жеке заңды тұлғалармен шарттар жасайды;
      6) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
      7) өз құзыреті шегінде басқа өкілеттіктерді іске асырады.
      "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де есебінен қалыптастырылады.
      23. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көделмесе "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады