"Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 3115 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 03.06.2016 № 23/03 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н.И. Омарханов

      

 
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 09/01 қаулысымен бекітілген

"Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, К. Байсейітова көшесі,12 А үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) дене шынықтыру және спорт саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады;
      2) спорттың әр түрi бойынша аудандық жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындау мен олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
      5) спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiнші жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттары;
      6) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      7) Ақтоғай ауданының аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      8) Ақтоғай ауданының аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      9) Ақтоғай ауданы бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
      10) "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің, әкімдіктің және жетекшілік жасайтын лауазымды тұлғаның тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
      11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      12) ауданның бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың басым бөлігін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      4) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
      2) "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
      3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
      5) бөлімнің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      6) бөлімнің ақшалай қаражаттарын басқарады, бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
      7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жекеменшілік мүлікке ие болуы құқылы.
      "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады