Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы 32 сессиясының № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 2994 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1951 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 44 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кiрiспедегi ", "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394" деген сөздер алынып тасталсын. 
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

Н. НҰРАШЕВА

      Мәслихат хатшысы

А. ЖҮНІСПЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады