"Бұқар жырау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 08/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 3057 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 13.04.2016 № 11/61 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      

 
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2015 жылығы 26 ақпандағы
№ 08/07 қаулысымен бекітілген

"Бұқар жырау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұқар жырау ауданының тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (әрi қарай – мемлекеттiк мекеме) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100400, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Торегожин көшесі, 6.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс салаларында мемлекеттік саясатты және тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      ауданның су, жылу құбырларын, тазарту қондырғыларын, электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылым нысандарының құрылысы және оларды күтіп ұстау шараларын ұйымдастырады;
      көлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын салуды, пайдалануды және күтiп ұстау шараларын ұйымдастырады;
      мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй бөлуді ұйымдастырады;
      абаттандыру және көгалдандыру нысандарының құрылысын және аумағын инженерлік дайындауды қамтамасыз етеді;
      мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешеді;
      кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастырады;
      кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімі мен кезегін анықтайды;
      кондоминиум нысанын басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге тұрғын үй көмегінің қатысы бар шығындар сметасына келісім береді;
      кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
      15. Функциялары:
      ауданның энергетикалық кешенінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, сумен жабдықтау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар әзірлеу;
      меншік нысанына қарамастан коммуналдық кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      жылу беру көздерінің, жылу, су, кәріз құбырлары мен электр желілерінің, жолаушыларды тасымалдау кешендерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және аудан тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қанағаттандыруға бағытталған жұмыс кешенін үйлестіру;
      тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарының қысқы маусымға дайындауға қажетті жұмыс көлемін, қаржыландыру көздерін анықтау, инвестиция тарту, бюджеттік несиелендіру іс-шараларын үйлестіру;
      өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылым нысандарын пайдалану және тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жасау;
      мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым нысандарын қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізу;
      аудан бюджетін қалыптастыру кезінде инженерлік инфрақұрылымға күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына, жобалық-іздестіру жұмыстарына бюджеттік қаржыны және мақсатты трансферттерді жоспарлау мен бөлуге қатысу, ұсыныстар енгізу;
      халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және аудандағы мемлекеттік сайланбалы қызметтегі тұлғалар үшін пәтерлер сатып алу, техникалық-экономикалық негіздемелерді жобалау, нысанға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, қалпына келтіру, күрделі және ағымды жөндеу, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
      Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен, ауданы құрайтын және тағы басқа кәсіпорындар мен ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесе әрекет ете отырып қала және елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын үйлестіру;
      пәтер иелері кооперативтерімен, үй комитеттерімен, кондоминиум нысанын және басқа да басқару нысандарына қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін әдістемелік жұмыстар жүргізу;
      энергияны үнемдеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу, энергия үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу;
      мемлекеттік сатып алуға жататын жобалардың (бағдарламалардың) құрылысы қажет мердігерлік құрылыс жұмыстарына (жобалық, іздестіру, құрылыс үшін сараптама жұмыстарын қоса алғанда) тапсырыс беруші ретінде қатысу;
      бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыруы қарастырылған, заңнама тәртібімен орнатылған құрылыс нысандарының жобалары, аумақты инженерлік дайындау, көгалдандыруды және абаттандыруды, құрылысы аяқталмаған нысандарға консервациялауды жүргізуді, нысандардың постутилизация бойынша жұмыстар кешенін іске асыру;
      пайдалануға берілетін нысандарды Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қабылдау;
      тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін құралдармен қамтамасыз етілуін бақылау;
      кондоминиум нысанының үй-жай меншік иелерінің ортақ мүлік пен және инженерлік қондырғылардың техникалық жағдайына, нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстауына және жөндеу жұмыстарының уақытында жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
      анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шешімдердің және нұсқама хаттардың орындалуына бақылау жүргізу;
      кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылау жүргізу;
      жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын, қызметтік корреспонденцияларды қарау;
      мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша облыстық әкімдікке, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және тағы басқа мемлекеттік органдарға есеп беру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, аудандық комитеттер мен басқармалардан, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;
      өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген функцияларға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру және өз құзіреті шегінде жекелеген сұрақтарды шешу мақсатында меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға материалдарды дайындауды тапсыруға, басқа басқармалар мен ұйымдар басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тарту жөнінде ұсыныстармен шығуға;
      белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекемесі жанынан мамандардан тұратын кеңестік, қоғамдық кеңестер, эксперттік топтар құруға;
      аудан әкіміне, әкімдігіне және аудандық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;
      облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты сәйкес ведомстваларға ұсыныстар енгізуге;
      өз құзыреті шегінде басқару органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жүзеге асыру үшін әдістемелік нұсқаулар мен түсіндірмелер жасауға;
      белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізуге;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерістер жүргізуге;
      тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
      тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама хаттар шығаруға;
      мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша сотта талапкер, жауапкер және үшінші жақ болуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Аудан әкімі мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:
      өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемесі орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
      заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      мемлекеттік мекемесі актілеріне қол қояды;
      мемлекеттік мекемесінің стратегиялық және ағымдық жұмыс жоспарларын бекітеді;
      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді.
      Мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Бухар – Жырауского района"

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 26 февраля 2015 года № 08/07. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 марта 2015 года № 3057. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13 апреля 2016 года № 11/61

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13.04.2016 № 11/61.
      В соответствии со статьей 41 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Бухар – Жырауского района".
      2. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Әли Асхата Сағадиұлы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Аким района
Н. Кобжанов

      

 
Утверждено
постановлением акимата
Бухар-Жырауского района
от 26 февраля 2015 года №08/07

Положение
о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального
хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог
и жилищной инспекции Бухар – Жырауского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Бухар-Жырауского района" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, строительства и жилищной инспекции.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 100400, Карагандинская область, Бухар - Жырауский район, поселок Ботакара, улица Торегожина, 6.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Бухар-жырауского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается выступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения: осуществление государственной политики в сферах жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, строительства и государственного контроля в области жилищного фонда.
      14. Задачи:
      обеспечивает организацию мероприятий по сохранению и надлежащей эксплуатации жилищного фонда;
      организует строительство и эксплуатацию водопроводов, очистных сооружений, тепловых и электрических сетей и других объектов транспортной и инженерной инфраструктуры города;
      организует перевозки пассажиров в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере транспорта;
      организует строительство, эксплуатацию и содержание дорог районного значения;
      организует распределение жилья государственного коммунального жилищного фонда;
      обеспечивает строительство новых, а также расширение, техническое перевооружение, модернизацию, реконструкцию, реставрацию и капитальный ремонт существующих строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций;
      организует сохранение государственного жилищного фонда;
      организует снос аварийного и ветхого жилья;
      обеспечивает жильем отдельные категории граждан в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      решает вопросы благоустройства и внешнего оформления общественных мест;
      организовывает технические обследования общего имущества объекта кондоминиума;
      определяет перечень, период и очередность проведения отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума; согласовывает сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, представленной органом управления объекта кондоминиума, финансируемых с участием жилищной помощи;
      принимает участие в комиссиях по приемке выполненных работ по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума.
      15. Функции:
      разработка программ стратегического развития энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства, водоснабжения, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города;
      координация деятельности предприятий и организаций коммунального комплекса независимо от форм собственности;
      координация осуществления комплекса работ по обеспечению устойчивой работы тепло источников, тепловых, электрических, водопроводных сетей, перевозка пассажиров, удовлетворение потребности населения города в качественных коммунальных услугах;
      координация мероприятий по подготовке к работе в зимних условиях объектов жизнеобеспечения, жилья и соцкультбыта, на основе определений необходимых объемов работ, источников финансирования, привлечения инвестиций, бюджетного кредитования;
      осуществление контроля в пределах своей компетенции за соблюдением нормативно-правовых актов по вопросам эксплуатации объектов инженерной инфраструктуры и обеспечения потребителей города коммунальными услугами;
      ведение мониторинга работ по реконструкции и капитальному ремонту объектов инженерной инфраструктуры в соответствии с государственным заказом;
      участие в планировании и распределении бюджетных средств и целевых трансфертов, внесение предложений при формировании бюджета района на проектно-изыскательные работы, капитальные и текущие ремонты инженерной инфраструктуры;
      организация и проведение конкурсов по государственным закупкам товаров, работ и услуг на проектирование технико-экономического обоснования, производство строительно-монтажных работ, реконструкции, капитального ремонта объектов, квартир для социально защищаемых слоев населения и государственных служащих, работников бюджетных организации и военнослужащих и лицам занимающихся государственные выборные должности района;
      координация работ по санитарной очистке и благоустройству территорий городов и поселков во взаимодействии с местными исполнительными органами, с градообразующими и другими предприятиями, организациями и учреждениями в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      методическая работа с кооперативами собственников квартир, домовыми комитетами и другими формами управления кондоминиумов, не противоречащими действующему законодательству;
      реализация государственной политики энергосбережения, внедрение энергосберегающих технологий;
      выступление заказчиком проектов (программ) подрядных работ в строительстве (включая проектные, изыскательские, экспертные работы для строительства), относящихся к государственным закупкам;
      реализация утвержденных в установленном законодательством порядке проектов строительства объектов, инженерной подготовки территорий, благоустройства и озеленения, консервации строительства незавершенных объектов, проведения комплекса работ по постутилизации объектов, финансирование которых предусмотрено за счет бюджетных средств;
      осуществление работ по приемке установленном законодательством Республики Казахстан порядке объектов, вводимых в эксплуатацию;
      осуществление контроля за наличием в жилых домах (жилых зданиях) общедомовых приборов учета тепло, энерго, газо и водоресурсов;
      осуществление контроля за техническим состоянием общего имущества собственников помещений в объекте кондоминиума и его инженерного оборудования, своевременным выполнением работ по его содержанию и ремонту в соответствии с действующими нормативно-техническими и проектными документами;
      контроль за осуществлением мероприятий по подготовке жилого дома (жилого здания) к сезонной эксплуатации;
      осуществление контроля за выполнением принятых решений и предписаний по устранению выявленных нарушений;
      осуществление контроля за качеством работ, выполненных по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      рассмотрение обращений, жалоб физических и юридических лиц, служебной корреспонденции;
      предоставление отчетности в областной акимат, Правительство Республики Казахстан и иные государственные органы по вопросам входящим в компетенцию государственного учреждения.
      16. Права и обязанности:
      запрашивать и получать от местных исполнительных органов, районных комитетов и управлений, предприятий организаций, независимо от ведомственной подчиненности и форм собственности информацию, необходимую для выполнения возложенных на государственное учреждение функций;
      поручать предприятиям и организациям всех форм собственности подготовку материалов по решению отдельных вопросов в пределах своей компетенции, выходить с предложениями о привлечении работников других управлений и организаций с согласия их руководителей к осуществлению мероприятий, проводимых государственным учреждением в соответствии с возложенными на него функциями;
      создавать в установленном порядке при государственном учреждении консультативные, общественные советы, экспертные группы из числа специалистов;
      вносить на рассмотрение акима, акимата района и районного маслихата предложения по решению вопросов, относящихся к их компетенции;
      вносить в соответствующие ведомства предложения, связанные с реализацией задач, решение которых обеспечивается на областном и республиканском уровне;
      издавать в пределах своих компетенций методические рекомендации и разъяснения для выполнения органами управления, предприятиями и организациями;
      созывать в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в его компетенцию, с привлечением руководителей и специалистов органов управления, предприятий, учреждений и организаций;
      проводить проверки в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      составлять акты о нарушениях правил содержания жилищного фонда;
      выносить обязательные для исполнения предписания по устранению нарушений правил содержания жилищного фонда;
      выступать истцом, ответчиком и третьим лицом в суде по вопросам, относящимся в компетенцию учреждения.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      19. Первый руководитель государственного учреждения имеет заместителя, который назначается на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      в пределах своих полномочии определяет обязанности и полномочия заместителя, заведующих секторов, специалистов государственного учреждения;
      в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения;
      в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения;
      подписывает акты государственного учреждения;
      утверждает стратегические и текущие планы работы государственного учреждения;
      представляет государственное учреждение в государственных органах и организациях, иных организациях.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и управление государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.