Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3579 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің 2016 жылғы 7 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің 07.01.2016 № 1 шешімімен.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Бұқар жырау, Корнеевка, Қызылқайың, Тоғызқұдық, Ростов, Үміткер ауылдық округтерінде, Суықсу, Қарақұдық, Ақөре ауылдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Каиркенович Сатаевқа тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Н. Кобжанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады