Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 4 "Жаңаарқа ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3516 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 18.01.2019 № 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарынасәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Жаңаарқа ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-120 нөмерімен тіркелді, 2011 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-57 (9475) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі

Ғ. Омаров



  Жаңаарқа ауданы әкімінің
  2015 жылғы 5 қарашадағы
  № 4 шешіміне
  қосымша


  Жаңаарқа ауданы әкімінің
  2011 жылғы 30 қарашадағы
  № 4 шешіміне
  қосымша

Жаңаарқа ауданы бойынша сайлау учаскелері
№ 568 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу кенті, А.Оспанова көшесі, 43, Б.Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: І-Ертіс орамының №1-ші үйінен №18-ші үйіне дейін; Б.Күжікенов көшесінің №1-ші үйінен №18-ші үйіне дейін; Жамбыл көшесінің №1- ші үйден №38-ші үйге дейін; Ж.Садуақасов көшесінің №1-ші үйден №55-ші үйге дейін; Сары Тоқа көшесінің №1-ші үйінен №44-ші үйінедейін; Мектеп орамының №1-ші үйінен №6-шы үйіне дейін; А.Оспанова көшесінің №1-ші үйден №41-ші үйге дейін; Ж.Садықбеков көшесінің №1-ші үйінен №54-ші үйіне дейін; А.Сейдімбек көшесінің №1-ші үйден №30-шы үйге дейін; Атасу көшесінің №1-ші үйінен №49-шы үйіне дейін; К.Әбжанов көшесінің №1-ші үйден №30-шы үйге дейін.

№ 569 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу кенті, С.Сейфуллин даңғылы, 13, мәдени-сауық орталығының ғимараты.

      Шекарасы: Ү.Әбжанов көшесінің №1-ші үйінен №7-ші үйіне дейін; Қ.Асанов көшесінің №1-ші үйінен №14-ші үйіне дейін; Жамбыл көшесінің №39-шы үйден №132-ші үйге дейін; Б.Күжікенов көшесінің №19-шы үйден №49-шы үйге дейін; Ж.Садуақасов көшесінің №56-шы үйден №118а үйге дейін; Сарысу көшесінің №1-ші үйінен №105-ші үйіне дейін; Дружба көшесінің №1-ші үйінен №92-ші үйіне дейін; Б.Майлин көшесінің №1-ші үйінен №64-ші үйіне дейін.

№ 570 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу кенті, А.Сейдімбек көшесі, 60, О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: А.Оспанова көшесінің №42-ші үйден №87-ші үйге дейін; А.Сейдімбек көшесінің №31-ші үйден №123-ші үйге дейін; К.Абжанов көшесінің №31-ші үйден №154-ші үйге дейін; Балабақсы көшесінің №1-ші үйінен №137-ші үйіне дейін.

№ 571 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу кенті, C.Сейфуллин даңғылы 23, C.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана ғимараты.

      Шекарасы: Лесхозная көшесінің №1-ші үйінен №26-шы үйіне дейін; Тәуелсіздік даңғылының №1-ші үйінен №63-ші үйіне дейін; Н.Ахметжанов көшесінің №1-ші үйінен №55-ші үйіне дейін; Ш.Уәлиханов көшесінің №1-ші үйінен №63-ші үйіне дейін; С.Сейфуллин даңғылының №1-ші үйден №36-шы үйге дейін; Интернациональная көшесінің №1-ші үйінен №29-шы үйіне дейін; Палуан Мұхаметжан көшесінің №1-ші үйінен №46-шы үйіне дейін; Бейбітшілік мүйісінің №1-ші үйінен №14-ші үйіне дейін; Трутько көшесінің №1-ші үйінен №26-шы үйіне дейін; Пушкина көшесінің №1-ші үйінен №35-ші үйіне дейін; Парковая көшесінің №1-ші үйінен №43-ші үйіне дейін.

№ 572 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу кенті, Абай көшесі, 23, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: А.Дәулетбеков көшесінің №1-ші үйінен №113-ші үйіне дейін; Ералиев көшесінің №1-ші үйінен №36-шы үйіне дейін; Абай көшесінің №1-ші үйінен №77-ші үйіне дейін; Байдалы би көшесінің №1-ші үйінен №34-ші үйіне дейін; С.Сейфуллин даңғылының №37-ші үйден 92-ші үйге дейін; А.Байбосынов көшесінің №1-ші үйінен №35-ші үйіне дейін; Аралбай батыр көшесінің № 1-ші үйінен №32-ші үйіне дейін.

№ 573 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу кенті, Т.Смайлов көшесі 39, локомотивті депо ғимараты.

      Шекарасы: Т.Смайлов көшесінің №1-ші үйінен №39-шы үйіне дейін; Байғозы батыр көшесінің №1-ші үйінен №133-ші үйіне дейін; Н.Абдиров, көшесінің №1-ші үйінен №53-ші үйіне дейін; И.Тұтқабеков көшесінің №1-ші үйінен №40-шы үйіне дейін; Транспорт орамының №1-ші үйінен №14-ші үйіне дейін; II-Ертіс орамының №1-ші үйінен №10-шы үйіне дейін; Шоң Телғозы көшесінің №1-ші үйінен №73-ші үйіне дейін; Нияз Батыр көшесінің №1-ші үйінен №84-ші үйіне дейін.

№ 574 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылжар кенті, Жеңіс 40 жылдығы атындағы көшесі 1, клуб ғимараты.

      Шекарасы: Қызылжар кенті, №263, №280 шақырымдағы разъездері.

№ 575 сайлау учаскесі

      Орталығы: М.Жұмажанов ауылы, С.Сейфуллин көшесі 21, негізгі орта мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: М.Жұмажанов, Куйгенбаз елді мекендері; Атасу кентінің Орманбаев көшесінің №1-ші үйінен №106-шы үйіне дейін.

№ 576 сайлау учаскесі

      Орталығы: Байғұл стансасы, Байғұл көшесі 6, бастауыш мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Байғұл стансасы, №40 шақырымдағы разъезі.

№ 577 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтасты ауылы, Бейбітшілік көшесі 13, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Ақтасты елді мекені, бұрынғы №1 совхоз үйлері.

№ 578 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтүбек ауылы, Бәйтерек көшесі 1, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Ақтүбек, Сарысу елді мекендері.

№ 579 сайлау учаскесі

      Орталығы: Өркендеу ауылы, Мектеп көшесі 1, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Өркендеу елді мекені.

№ 580 сайлау учаскесі

      Орталығы: Манадыр стансасы, Тың көшесі 58, №144 негізгі орта мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Манадыр стансасы, №152, №163 шақырымдағы разъездері.

№ 581 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу стансасы, Бейбітшілік көшесі 50, №135 негізгі орта мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Атасу стансасы, №128 шақырымдағы разъезі.

№ 582 сайлау учаскесі

      Орталығы: Айнабұлақ ауылы, Достық көшесі 7, ауылдық клубының ғимараты .

      Шекарасы: Айнабұлақ, Белқараған елді мекендері

№ 583 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтау ауылы, Тәуелсіздік көшесі 1, жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақтау, Қылыш, Айшырақ елді мекендері.

№ 584 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бидайық ауылы, Тәуелсіздік көшесі 15, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Бидайық, Қарамола елді мекендері, №69 шақырымдағы разъезі.

№ 585 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтайлақ ауылы, Ұландар көшесі 2, негізгі орта мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақтайлақ елді мекені.

№ 586 сайлау учаскесі

      Орталығы: Атасу ауылы, Достық көшесі 1, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Атасу елді мекені, №105, №117 шақырымдағы разъездері.

№ 587 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ескене ауылы, Бейбітшілік көшесі 39, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Ескене, Талдыбұлақ елді мекендері.

№ 588 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ералиев ауылы, Орталық көшесі 13, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Ералиев, Аралтөбе, Кезен елді мекендері.

№ 589 сайлау учаскесі

      Орталығы: №189 шақырымдағы разьезі, №140 негізгі орта мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: №201 шақырымдағы разъезі, Жомарт стансасы, №189 шақырымдағы разъезі, Ақбастау елді мекені.

№ 590 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ынталы ауылы, Төлебай сал көшесі 1, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Қараағаш, Жартас елді мекендері.

№ 591 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ынтымақ ауылы, Саябақ көшесі 15, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Ынтымақ, Бестоған, Қызылағаш елді мекендері.

№ 592 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жанаталап ауылы, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Жанаталап елді мекені.

№ 593 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алғабас ауылы, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Алғабас елді мекені.

№ 594 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түгіскен ауылы, Ы.Жұмабеков атындағы көшесі 49, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Түгіскен елді мекені, №214, №239 шақырымдағы разьездері.

№ 595 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кенжебай-Самай ауылы, негізгі орта мектебінің ғимараты.

      Шекарасы: Кенжебай-Самай елді мекені.

№ 596 сайлау учаскесі

      Орталығы: Орынбай ауылы, Мектеп көшесі 7, ауылдық клубының ғимараты.

      Шекарасы: Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 елді мекендері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады