Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1999 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 3534 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1999 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, жалпы білім деңгейі мен мамандығының дәрежелерін белгілеу, шақырылушылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1999 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.
      2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері жасөспірімдердің Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырған түрде және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Ғ. Омаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады