Нұра аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 288 "Нұра аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі 36 сессиясының № 385 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 3334 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 қарашадағы № 182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 09.11.2017 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      Нұра аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 288 "Нұра аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 17 тамызда, 2014 жылғы 9 тамыздағы № 32 (5369) "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
      Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Қ. Отарбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады