Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3582 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 16.02.2016 № 3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 5 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Нұралы Нұрмақұлы Калиев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады