Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 275 "Осакаров аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы 44 сессиясының № 472 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 3328 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 353 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 18.10.2017 № 353 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 275 "Осакаров аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 2585 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамыр № 18 (7398) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 21 сәуірінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Осакаров аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7–тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Жетписбаев

Аудандық мәслихаттың хатшысы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады