"Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/5 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3065 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 23.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 04.06.2015 № 23/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 04.06.2015 № 23/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/55 "Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Қ. Камзин

      

 
Приозерск қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 9/5 қаулысымен бекітілген

"Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 04.06.2015 № 23/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) бiлiм беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 04.06.2015 № 23/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 үй.
      Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел образования города Приозерск".
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 04.06.2015 № 23/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       10. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Бөлімнің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      13. Міндеттері:
      1) азаматтардың бiлiм алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз ету, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыктар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау, демографиялық ерекшелiктердi ескере отырып мектепке дейiнгi, міндетті орта бiлiм беру саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
      3) окытудың жаңа технологияларын еңгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
      4) әр түрлi және көп функциялы бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу;
      5) балаларды, оқушы жастарды бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
      6) қаланың бiлiм беру ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту, материалдық техникалық базасын қалыптастыру және дамыту;
      7) жастарды тәрбиелеу саласында мемлекеттiк бiртұтас саясатты жүзеге асыру;
      8) ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, бұндай балалардың және ата-ана қамқорлығы жойылуының нақты жағдайларына сүйенiп алғашқы есеп жүргiзу, балаларды орналастыру нысанын таңдау, бұндай жағдай боламағанда - жетiм балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналастыру;
      9) анықталған тәртiпте мүмкiндiгi шектеулi немесе ақылдан адасқан немесе есi ауысқан деп танылған тұлғалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, кәмелет жасқа толмағандардың мүлкiн хаттауды жасау, сонымен қатар анықталған тәртiпте қаза болған немесе хабарсыз кеткен және кәмелетке толмаған тұлғалардың мүлкiн хаттау;
      10) кәмелетке толмаған балалардың хатталған мүлкiн қорғау үшін шаралар қолдану;
      11) жетiм балалар және ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мемлекеттiк органдардың әрекеттерiне қадағалау үйлестiру және жүзеге асыру;
      12) мемлекеттік қызметін көрсету, мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша мониторинг жүргiзу.
      15. Функциялар:
      1) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың есебiн жүргiзедi және олардың орта бiлiм алғанға дейiнгi оқуын ұйымдастырады;
      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыру, оларды балалар үйлерiне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады;
      3) меншiк нысандары мен ведомоствалық бағыныстылығына қарамастан жергiлiктi бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарында оқу – тәрбие үрдiсi мазмұнының мемлекеттік жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары талаптарына сәйкес келуiне уақытылы бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз кұзiретi шегiнде жүргiзiп отырады;
      4) мектепке дейiнгi, жалпы орта бiлiм беру мәселелерi бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп берiп отырады;
      5) педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру, қайта даярлау қабiлеттiлiк есебiн жүргiзудi жоспарлайды және жүргізеді;
      6) әдiстемелiк кабинет арқылы қалалық деңгейде оқу – тәрибелеу үрдiсiн әдiстемелiк қамтамасыздандырады;
      7) бiлiм мекемелерiнiң қызметін сараптайды, алдағы уақытта олардың дамуына болжам жасайды, өз құзіретіндегі бiлiм мекемелерiнің озық педагогикалық жаңашылықтарын зерттейдi және таратады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша Бөлім құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      3) мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, Бөлімнiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
      4) тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға Бөлім қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
      5) адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдалануға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке қала әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жүргізеді және Бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
      2) Бөлім қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
      3) Бөлімнiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      4) Бөлім қызметкерлерiне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
      5) барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
      6) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
      7) азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      8) Бөлім атынан сенiмхатсыз iс әрекет етедi;
      9) ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда Бөлімнің мүддесiн корғайды;
      10) шарттар жасасады;
      11) сенiмхаттар бередi;
      12) Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел образования города Приозерск"

Постановление акимата города Приозерск Карагандинской области от 2 марта 2015 года № 9/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 26 марта 2015 года № 3065. Утратило силу постановлением акимата города Приозерск Карагандинской области от 23 июня 2016 года № 22/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Приозерск Карагандинской области от 23.06.2016 № 22/2.
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Приозерск ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел образования города Приозерск".
      2. Отменить постановление акимата города Приозерск от 28 февраля 2013 года № 07/55 "Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел образования, физической культуры и спорта города Приозерск".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Приозерск Казиеву Б.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким города
К. Камзин

      

 
Утверждено постановлением
акимата города Приозерск
от 2 марта 2015 года № 9/5

Положение государственного учреждения
"Отдел образования города Приозерск"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел образования города Приозерск" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере образования.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела, и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 101100, Карагандинская область, город Приозерск, улица Достык, дом 23.
      Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке – "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке – государственное учреждение "Отдел образования города Приозерск".
      Сноска. Пункт 9 - в редакции постановления акимата города Приозерск Карагандинской области от 04.06.2015 № 23/1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
       10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссия Отдела: оказание качественных образовательных услуг, реализация государственной политики в области образования.
      14. Задачи:
      1) обеспечение Конституционных прав граждан на образование, создание необходимых условий для получения образования, направленных на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижений науки и практики, осуществления единой государственной политики в области дошкольного, обязательного среднего образования с учетом демографических и других особенностей;
      2) создание условий для освоения образовательных программ, включая условия для детей с ограниченными возможностями;
      3) внедрение новых технологий обучения, информатизация образования, выход на международные глобальные коммуникационные сети;
      4) содействие эффективному развитию разнообразных организаций образования;
      5) обеспечение социальной защиты детей и учащейся молодежи, работников образования;
      6) формирование и развитие материально-технической базы, улучшение финансового обеспечения организаций образования города;
      7) реализация единой государственной политики в сфере воспитания молодежи;
      8) выявление детей, оставшихся без попечения родителей, ведение первичного учета таких детей и исходя из конкретных обстоятельств утраты попечения родителей, избрание формы устройства детей, а при отсутствии такой возможности - в государственных учреждениях для детей - сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;
      9) составление описи имущества несовершеннолетних, оставшихся без попечения родителей, лиц признанных в установленном порядке душевнобольными или слабоумными, или ограниченно дееспособными, а также опись имущества лиц, признанных в установленном порядке умершими или безвестно отсутствующими;
      10) принятие мер по охране описанного имущества несовершеннолетнего;
      11) координация и осуществление контроля за деятельностью государственных учреждений для детей сирот и детей оставшихся без попечения родителей;
      12) ведение мониторинга по представлению государственных услуг, оказание государственных услуг.
      15. Функции:
      1) учет детей дошкольного и школьного возраста и организация их обучения до получения ими среднего образования;
      2) организация опеки и попечительства несовершеннолетних, оставшихся без попечения родителей, определение в детские дома или интернатные организации;
      3) организация и проведение в пределах своей компетенции периодического контроля за соответствием в организациях образования местного подчинения, независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности содержания учебно-воспитательного процесса требованиям государственных стандартов образования;
      4) представление статистических отчетов в вышестоящие органы по вопросам дошкольного, среднего общего образования;
      5) планирование и организация учета потребности в переподготовке, повышении квалификации педагогических кадров;
      6) методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса на городском уровне через методический кабинет;
      7) анализ деятельности организаций образования, прогнозирование перспективы их развития, изучение, распространение педагогических инноваций в подведомственных организациях образования;
      8) осуществление иных функций, установленных законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, необходимую для выполнения своих функций;
      2) по согласованию привлекать государственные органы и иные организации города к участию в подготовке вопросов, относящихся к компетенции Отдела, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;
      3) вносить предложения по совершенствованию организации деятельности в сфере образования, осуществлять подготовку информационно-аналитических и иных материалов по вопросам, относящимся к деятельности Отдела;
      4) вносить предложения по вопросам, относящимся к сфере деятельности Отдела, соответствующим государственным органам и должностным лицам, а также участвовать в мероприятиях, проводимых территориальными и исполнительными местными органами города;
      5) оказывать организационно-методическую, информационную и иную помощь должностным лицам организаций образования, в ведении которых находятся вопросы образования, соблюдения прав человека и иные вопросы;
      6) пользоваться иными правами, предоставленными действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом города в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) организует и руководит работой Отдела и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач;
      2) определяет и утверждает функциональные обязанности и полномочия сотрудников Отдела и руководителей организаций образования;
      3) утверждает перспективные и текущие планы работы Отдела;
      4) принимает меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      5) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      6) назначает на конкурсной основе и освобождает от должности руководителей государственных организаций дошкольного воспитания и обучения, внешкольных организаций среднего образования, финансируемых из местного бюджета;
      7) ведет личный прием граждан, несет персональную ответственность за организацию мероприятий по противодействию коррупции;
      8) без доверенности действует от имени Отдела;
      9) представляет интересы Отдела во всех организациях, учреждениях, предприятиях независимо от форм собственности;
      10) заключает договора;
      11) выдает доверенности;
      12) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим, в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к городской коммунальной собственности.
      22. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа.

      23. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.