"Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы № 844 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 4863 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "5" ақпандағы
№ 844 қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Негізгі міндеттері: облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
      16. Функциялары:
      1) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен объектiлердi (кешендердi) қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) тiркеу және есебiн жүргiзу;
      3) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттiк органдарының жұмысына жәрдемдесу;
      4) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлiгiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      5) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      6) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсыну;
      7) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ, қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың қарауына облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      8) құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу;
      9) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ өзге де үйлерді және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережелерін облыстық мәслихаттың қарауына облыс әкімдігі қаулысы жобасын әзірлейді;
      10) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келiсiм беру;
      11) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
      12) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекiту және iске асыру;
      13) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру;
      14) халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
      15) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзу;
      16) уәкілетті органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;
      17) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолданады;
      18) азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      19) Басқарма жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;
      20) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;
      21) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
      22) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;
      23) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
      24) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
      2) Басқарма:
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
      3) Қызылорда облысының бас сәулетшісі болып табылады;
      4) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      6) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      7) бұйрықтарға қол қояды;
      8) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      12) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;;
      15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Басқарманың жұмыс режимі:
      1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкі

      25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области"

Постановление Кызылординского областного акимата от 05 февраля 2015 года № 844. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 11 февраля 2015 года № 4863. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19 мая 2016 года № 461

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19.05.2016 № 461 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области".
      2. Государственному учреждению "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Алибаева Н.Н.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Утверждено
постановлением акимата
Кызылординской области
от "5" февраля 2015 года № 844

Положение государственного учреждения "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, уполномоченным акиматом Кызылординской области на осуществление функций в сфере строительства, архитектуры и градостроительства на территории Кызылординской области.
      2. Учредителем Управления является акимат Кызылординской области. Права субъекта права коммунальной собственности в отношении Управления осуществляет государственное учреждение "Управление финансов Кызылординской области".
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Место нахождения юридического лица: Республика Казахстан, Кызылординская область, 120003, город Кызылорда, улица Бейбарыс Султан, строение 1.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление строительства, архитектуры и градостроительства Кызылординской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из областного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: осуществление государственной политики в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности на территории области.
      15. Основные задачи: реализация государственной политики в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности на территории области, а также реализация иных задач, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) внесение предложений для принятия решений о строительстве, расширении, техническом перевооружении, модернизации, реконструкции, реставрации и капитальном ремонте строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций, а также об инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строительства незавершенных объектов, проведении комплекса работ по постутилизации объектов областного значения;
      2) определение состава и назначение комиссии по приемке объектов (комплексов) в эксплуатацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, а также регистрация и ведение учета объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию;
      3) оказание содействия в работе государственных органов архитектурно-строительного контроля и надзора на территории области;
      4) координация деятельности по реализации комплексной схемы градостроительного планирования территорий (проекта районной планировки области или ее части), утвержденных в установленном порядке генеральных планов населенных пунктов на территории области;
      5) подготовка проекта постановления акимата области о внесении на рассмотрение областного маслихата проекта генерального плана города областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей для последующего представления в Правительство Республики Казахстан на утверждение;
      6) организация разработки и представление в Правительство Республики Казахстан на утверждение проектов комплексных схем градостроительного развития территории области (проектов районной планировки области), а также генеральных планов городов областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей, одобренных областным маслихатом;
      7) подготовка проекта постановления акимата области на рассмотрение областного маслихата комплексных схем градостроительного развития территорий подведомственных городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей и районов, а также проектов генеральных планов развития городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей, одобренных городскими маслихатами;
      8) согласование с уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства территориальных правил застройки, благоустройства и инженерного обеспечения территорий, а также правил сохранения и содержания иных зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения, инженерных коммуникаций;
      9) подготовка проекта постановления акимата области на рассмотрение областного маслихата территориальных правил застройки, благоустройства и инженерного обеспечения территорий, а также правил сохранения и содержания иных зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения, инженерных коммуникаций;
      10) согласование проектов генеральных планов городов областного значения;
      11) информирование населения о планируемой застройке территории либо иных градостроительных изменениях;
      12) утверждение и реализация градостроительных проектов (проектов детальной планировки, проектов застройки), разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (комплексной схемы градостроительного планирования, проектов планировки) населенных пунктов;
      13) предоставление в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;
      14) организация и проведение комплексной градостроительной экспертизы проектов генеральных планов городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей;
      15) ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      16) совместно с уполномоченным органом принимает решения о строительстве культовых зданий (сооружений), определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения);
      17) принимает меры по устранению причин и условий, способствующих совершению правонарушений;
      18) обеспечивает организацию правового воспитания граждан;
      19) осуществляет внутренний контроль по направлениям деятельности Управления с целью повышения качества и производительности его работы;
      20) рассматривает обращения, направленные в Управление физическими и юридическими лицами, контролирует их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставляет на них ответы;
      21) организует прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      22) обеспечивает ведение и наполнение информационной системы "Адресный регистр";
      23) в пределах своей компетенции реализует мероприятия в сфере мобилизационной подготовки и мобилизации.
      24) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) Управление для реализации возложенных на него задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:
      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам, входящим в его компетенцию;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством;
      2) Управление обязано:
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель Управления имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) в процессе реализации своих полномочий отчитывается акиму области и курирующему заместителю акима области;
      2) представляет Управление в государственных органах и иных организациях в пределах своей компетенции;
      3) является главным архитекторм Кызылординской области;
      4) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      5) обеспечивает разработку стратегических и программных документов;
      6) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения к сотрудникам Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      7) подписывает приказы;
      8) действует без доверенности от имени Управления;
      9) заключает договора;
      10) выдает доверенности;
      11) несет персональную ответственность за организацию работы по противодействию коррупции;
      12) организует, координирует и контролирует работу Управления;
      13) исполняет поручения и акты акима и акимата области;
      14) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;
      15) организует разработку проектов нормативных правовых актов в пределах компетенции;
      16) обеспечивает соблюдение норм служебной этики;
      17) реализует политику гендерного равенства;
      18) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц;
      19) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.
      23. Режим работы Управления:
      1) Управление работает с понедельника по пятницу 5 (пять) дней в неделю;
      2) время работы Управления с 09.00 часов до 19.00 часов местного времени. Перерыв: с 13.00 часов до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни, Управление не работает.
      24. Взаимоотношения между Управлением и акиматом области, администрацией Управления и его трудовым коллективом регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      25. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      26. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областной коммунальной собственности.
      27. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      28. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      В случае ликвидации Управления использование его имущества осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.