"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 21 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 5030 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "25" мамырдағы
№ 21 қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қызылорда облысындағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      4. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      7. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      11. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
      12. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      13. Басқарманың қызметiн каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Басқарманың миссиясы: Қызылорда облысының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру.
      16. Мiндеттерi:
      1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мaқcaттapын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
      2) еліміздің әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен, инвестициялық, салықтық және ақша-кредит саясатымен өзара іс-әрекетте бюджеттiк саясатты қалыптастыру және iскe асыру;
      3) өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      17. Функциялары:
      1) жыл сайын бес жылға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және оны облыс әкімдігінің қарауына енгізеді;
      2) облысты дамыту бағдарламасын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге, сондай-ақ, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
      3) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын келіседі;
      4) облысты дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүргізеді;
      5) облыстық бюджеттік комиссиясының жұмыс органы функциясын жүзеге асырады;
      6) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы облыстық мәслихат шешімі жобасын әзірлейді;
      7) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджетті жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және облыстық бюджет жобасын облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
      8) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады;
      9) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, облыстық бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды;
      10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі, сондай-ақ, олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;
      11) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;
      12) облыстық бюджеттік комиссиясының облыс бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс бюджетi туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны облыс әкімдігінің қарауына ұсынады;
      13) заңнамамен белгіленген тәртіппен кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      14) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      15) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды;
      16) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемесін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытынды дайындайды;
      17) заңнамамен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;
      18) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда:
      концессиялық ұсыныстар бойынша;
      конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде;
      концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша;
      концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар дайындайды;
      19) конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізу Басқарманың тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;
      20) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi;
      21) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді;
      22) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
      23) Басқарманың тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады;
      24) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi;
      25) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, облыстық бюджеттiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша тiзбенi қалыптастырады;
      26) инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытындының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаттың, техникалық тапсырманың негізінде қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді;
      27) техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу Басқарманың тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған, экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады;
      28) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды қарайды;
      29) Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын дайындайды;
      30) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
      31) бюджеттік инвестициялық жобаны облыстық бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді жүзеге асырады;
      32) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және бағалауды жүзеге асырады;
      33) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
      34) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындайды;
      35) байланысты гранттарды тартуға орталық мемлекеттік органға өтінім ұсынады;
      36) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органға алдағы қаржы жылында байланысты емес гранттарды тарту мақсатында басым жобалардың тiзбесiн қалыптастыру үшiн өтінімдер бередi;
      37) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстың шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алады және тiркейдi, сондай-ақ, оларды есептi деректерден шығарады;
      38) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды дайындайды;
      39) Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды;
      40) облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу Басқарманың тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастырады;
      41) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Қызылорда облысының әкімдігі айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi;
      42) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi;
      43) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi;
      44) Басқарманың тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, облыстық бюджеттік комиссия мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады;
      45) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады, азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
      46) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 17- тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
      2) Басқарма:
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

      19. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      20. Басқарманың бiрiншi басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
      3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Басқарма қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      5) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Басқарма қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      8) шарттар жасасады;
      9) сенімхаттар береді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
      24. Басқарманың жұмыс режимі:
      1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      25. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкi

      26. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      27. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление экономики и бюджетного планирования Кызылординской области"

Постановление акимата Кызылординской области от 25 мая 2015 года № 21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 24 июня 2015 года № 5030. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19 мая 2016 года № 461

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19.05.2016 № 461 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии c Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление экономики и бюджетного планирования Кызылординской области".
      2. Государственному учреждению "Управление экономики и бюджетного планирования Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Годунову Н.Н.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Утверждено
постановлением акимата
Кызылординской области
от "25" мая 2015 года № 21

Положение государственного учреждения "Управление экономики и бюджетного планирования Кызылординской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования Кызылординской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, уполномоченным акиматом Кызылординской области на осуществление функций в сфере стратегического, экономического и бюджетного планирования в Кызылординской области.
      2. Управление не имеет ведомств.
      3. Учредителем Управления является акимат Кызылординской области. Права субъекта права коммунальной собственности в отношении Управления осуществляет государственное учреждение "Управление финансов Кызылординской области".
      4. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      5. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      6. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      7. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      8. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      9. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      10. Местонахождение юридического лица: индекс 120003, Республика Казахстан, Кызылординская область, город Кызылорда, улица Бейбарыс султан, строение 1.
      11. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования Кызылординской области".
      12. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      13. Финансирование деятельности Управления осуществляется из областного бюджета.
      14. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      15. Миссия Управления: реализация стратегического, экономического и бюджетного планирования в целях повышения конкурентоспособности и обеспечения устойчивого экономического роста Кызылординской области.
      16. Задачи:
      1) формирование стратегических целей и приоритетов, основных направлений социально-экономического развития области;
      2) формирование и реализация бюджетной политики во взаимодействии с приоритетами социально-экономического развития, инвестиционной, налоговой и денежно-кредитной политики страны;
      3) реализация государственной политики в области регионального развития;
      4) осуществление иных задач, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      17. Функции:
      1) ежегодно разрабатывает прогноз социально-экономического развития области на пятилетний период и вносит его на рассмотрение акимата области;
      2) разрабатывает программу развития области на пятилетний период на основе вышестоящих документов Системы государственного планирования, а также план мероприятий по ее реализации;
      3) согласовывает программу развития района (города областного значения);
      4) проводит мониторинг реализации программы развития области;
      5) осуществляет функции рабочего органа областной бюджетной комиссии;
      6) разрабатывает проект решения областного маслихата об объемах трансфертов общего характера;
      7) ежегодно разрабатывает областной бюджет на плановый период с учетом прогноза социально-экономического развития области и вносит на рассмотрение областной бюджетной комиссии проект областного бюджета;
      8) осуществляет прогнозирование поступлений в областной бюджет с учетом прогноза социально-экономического развития области;
      9) определяет лимиты расходов администраторов областных бюджетных программ, лимиты на новые инициативы на основе прогнозных показателей социально-экономического развития области, областного бюджета, приоритетных направлений расходования бюджетных средств, размера дефицита областного бюджета на плановый период;
      10) с учетом результатов анализа исполнения бюджета за отчетный финансовый год и оценки эффективности деятельности государственного органа по управлению бюджетными средствами рассматривает:
      бюджетные заявки администраторов бюджетных программ на предмет их соответствия бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан, прогнозу социально-экономического развития области, целевым индикаторам программ развития территорий, проектам бюджетных программ и действующим натуральным нормам;
      проекты бюджетных программ администраторов бюджетных программ на предмет правильности выбора показателей результатов, наличия взаимоувязки показателей результатов с целями, целевыми индикаторами программ развития территорий, степени достижимости показателей результатов, а также их соответствия функциям, полномочиям, направлениям деятельности администратора бюджетных программ;
      11) по итогам рассмотрения бюджетных заявок, проектов бюджетных программ администраторов областных бюджетных программ формирует заключения по бюджетным заявкам и проектам бюджетных программ и направляет их на рассмотрение областной бюджетной комиссии;
      12) на основе предложений областной бюджетной комиссии по проекту областного бюджета разрабатывает проект решения областного маслихата об областном бюджете и представляет его на рассмотрение акимата области;
      13) разрабатывает в установленном законодательством порядке проект постановления акимата области о местном финансовом плане на первый квартал очередного финансового года;
      14) разрабатывает проект постановления акимата области о реализации решения областного маслихата об областном бюджете;
      15) подготавливает экономическое заключение на инвестиционное предложение;
      16) рассматривает предложения администраторов областных бюджетных программ об осуществлении бюджетных инвестиций посредством формирования и (или) увеличения уставного капитала юридического лица и их финансово-экономическое обоснование на предмет соответствия стратегическим и программным документам, законодательству Республики Казахстан и готовит по ним экономическое заключение;
      17) осуществляет в установленном законодательством порядке отбор бюджетных инвестиций, планируемых посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц, и направляет заключение на рассмотрение областной бюджетной комиссии;
      18) по объектам концессии, относящимся к коммунальной собственности, в случае, если стоимость создания (реконструкции) объекта концессии составляет до 4 000 000 месячных расчетных показателей, подготавливает заключения по:
      концессионным предложениям;
      конкурсной документации, в том числе при внесении в нее изменений и дополнений;
      концессионным заявкам, представленным участниками конкурса при проведении конкурса по выбору концессионера;
      проектам договоров концессии, в том числе при внесении в договоры концессии изменений и дополнений;
      19) по концессионным проектам, одобренным областной бюджетной комиссией, содержащимся в концессионных предложениях, формирует перечень концессионных проектов, разработка или корректировка, а также проведение необходимых экспертиз конкурсных документаций которых осуществляются за счет средств соответствующей распределяемой бюджетной программы Управления;
      20) направляет конкурсную документацию концессионных проектов в случае, установленном подпунктом 3-3) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "О концессиях", включающих технико-экономическое обоснование концессионного проекта, являющегося неотъемлемой частью конкурсной документации концессионного проекта, на экспертизу юридическому лицу, определяемому акиматом Кызылординской области;
      21) на основании соответствующих экспертиз и согласований в соответствии с законодательством Республики Казахстан о концессиях формирует заключения по конкурсной документации концессионного проекта и вносит их на рассмотрение областной бюджетной комиссии;
      22) вносит заключение на оказание услуг по консультативному сопровождению концессионных проектов на рассмотрение областной бюджетной комиссии;
      23) по объемам финансирования услуг по консультативному сопровождению каждого концессионного проекта, одобренного областной бюджетной комиссией, формирует перечень услуг по консультативному сопровождению концессионных проектов, которое осуществляется за счет средств соответствующей распределяемой бюджетной программы Управления;
      24) по объектам концессии, относящимся к коммунальной собственности, согласовывает конкурсную документацию и договоры концессии, в том числе при внесении в них изменений и дополнений, в случае, если стоимость создания (реконструкции) объекта концессии составляет до 4 000 000 месячных расчетных показателей;
      25) ежегодно сроком на три года на скользящей основе формирует перечень по объектам концессии, относящимся к коммунальной собственности, на основании положительного заключения экспертизы конкурсных документаций концессионных проектов и в соответствии со стратегическими и программными документами Республики Казахстан, с инвестиционными возможностями областного бюджета;
      26) по итогам рассмотрения инвестиционных предложений формирует по ним заключения и направляет их на рассмотрение областной бюджетной комиссии на основании положительного экономического заключения на разработку или корректировку, а также на проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований бюджетного инвестиционного проекта, письма на финансирование администратора бюджетных программ, технического задания;
      27) по инвестиционным проектам, одобренным областной бюджетной комиссией, содержащимся в инвестиционных предложениях, имеющих экономическое заключение, формирует перечень бюджетных инвестиционных проектов, разработка или корректировка, а также проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований которых осуществляется за счет средств соответствующей распределяемой бюджетной программы Управления;
      28) рассматривает бюджетные инвестиционные проекты на основе технико-экономического обоснования, разработанного в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      29) на основании заключения экономической экспертизы юридических лиц, определяемых акиматом Кызылординской области, подготавливает экономическое заключение местных бюджетных инвестиционных проектов, а также проектов, планируемых к финансированию за счет целевых трансфертов на развитие и кредитов из республиканского бюджета;
      30) рассматривает бюджетные инвестиционные проекты администраторов бюджетных программ и направляет экономическое заключение по ним администратору бюджетных программ;
      31) осуществляет отбор бюджетного инвестиционного проекта для включения в проект областного бюджета;
      32) осуществляет мониторинг и оценку реализации местных бюджетных инвестиционных проектов, а также местных бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц;
      33) рассматривает бюджетные программы, предлагаемые администратором бюджетных программ к реализации посредством бюджетного кредитования, на предмет соответствия их критериям бюджетного кредитования;
      34) определяет целесообразность бюджетного кредитования в порядке, определенном центральным уполномоченным органом по государственному планированию, за исключением бюджетных кредитов, направляемых на покрытие дефицита наличности нижестоящих бюджетов;
      35) представляет заявку на привлечение связанных грантов в центральный государственный орган;
      36) представляет в центральный уполномоченный орган по государственному планированию заявки для формирования перечня приоритетных проектов в целях привлечения несвязанных грантов в предстоящем финансовом году;
      37) по представлению районных (города областного значения) исполнительных органов осуществляет учет существующих и регистрацию вновь создаваемых административно-территориальных единиц и отдельных населенных пунктов в границах области, а также исключает их из учетных данных;
      38) подготавливает экономическое заключение на концепцию проекта государственно-частного партнерства;
      39) подготавливает заключение на концепцию проекта государственно-частного партнерства на основании экспертизы юридического лица, определяемого акиматом Кызылординской области, в случае его привлечения;
      40) по проектам государственно-частного партнерства, одобренным областной бюджетной комиссией, содержащимся в концепциях проектов государственно-частного партнерства, формирует перечень проектов государственно-частного партнерства, разработка или корректировка, а также проведение необходимых экспертиз конкурсных документаций которых осуществляются за счет средств соответствующей распределяемой бюджетной программы Управления;
      41) направляет конкурсную документацию проектов государственно-частного партнерства на экспертизу юридическому лицу, определяемому акиматом Кызылординской области, в случае его привлечения;
      42) на основании соответствующих экспертиз и согласований в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области государственно-частного партнерства формирует заключения по конкурсной документации и вносит их на рассмотрение областной бюджетной комиссии;
      43) вносит заключение на оказание услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства на рассмотрение областной бюджетной комиссии;
      44) по объемам финансирования услуг по консультативному сопровождению каждого проекта государственно-частного партнерства, одобренного областной бюджетной комиссией, формирует перечень услуг по консультативному сопровождению, которое осуществляется за счет средств соответствующей распределяемой бюджетной программы Управления.
      45) в пределах своей компетенции принимает меры по устранению причин и условий, способствующих совершению правонарушений, обеспечивает организацию правового воспитания граждан, реализует мероприятия в сфере мобилизационной подготовки и мобилизации;
      46) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 17 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      18. Права и обязанности:
      1) Управление для реализации возложенных на него задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:
      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам, входящим в его компетенцию;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством;
      2) Управление обязано:
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      рассматривать обращения, направленные в Управление физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставлять на них ответы;
      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности Управления

      19. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      21. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      22. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) в процессе реализации своих полномочий отчитывается акиму области и курирующему заместителю акима области;
      2) представляет Управление в государственных органах и иных организациях в пределах своей компетенции;
      3) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      4) обеспечивает разработку стратегических и программных документов;
      5) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения к сотрудникам Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      6) подписывает приказы;
      7) действует без доверенности от имени Управления;
      8) заключает договора;
      9) выдает доверенности;
      10) несет персональную ответственность за организацию работы по противодействию коррупции;
      11) организует, координирует и контролирует работу Управления;
      12) исполняет поручения и акты акима и акимата области;
      13) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;
      14) организует разработку проектов нормативных правовых актов в пределах компетенции;
      15) обеспечивает соблюдение норм служебной этики;
      16) реализует политику гендерного равенства;
      17) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц;
      18) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      23. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      24. Режим работы Управления:
      1) Управление работает 5 (пять) дней в неделю с понедельника по пятницу;
      2) время работы Управления с 09.00 часов до 19.00 часов местного времени. Перерыв: с 13.00 часов до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни, Управление не работает.
      25. Взаимоотношения между Управлением и акиматом области, администрацией Управления и его трудовым коллективом регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      26. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      27. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областному коммунальному имуществу.
      28. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      29. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      В случае ликвидации Управления использование его имущества осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.