"Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 234 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 5278 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4330 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 6 қарашада "Сыр бойы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "2" желтоқсандағы
№ 234 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы "12" қазандағы
№ 593 қаулысына қосымша

Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы


Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы
Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайы
Қызылорда қаласы
1.
"Жамағат" дүкені
Әйтеке би көшесі, №10 үй

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады