Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі N 249 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қарашада N 5211 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387, 444-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс
      қырқыншы сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат
      хатшысының уақытша міндетін атқарушы
      А.Жоланов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қызылорда облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Арал ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін уақытша атқарушы
      С.Мырзағазиев _________________
      "30" қыркүйек 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады