"Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 516 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 737 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 5058 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 28.04.2017 № 474 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйегіндегі № 516 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 13 қазанында № 4770 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2014 жылы 5 қарашадағы № 85 (9339) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А.Қаржаубаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі Н. Шамұратов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қармақшы аудандық тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімінің басшысы
      ________________ М.Еркебаев.
      "10" 06 2015 жыл

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "11" маусымдағы № 737
қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері

Мекенжай

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері бір шаршы метріне айына
(теңге)

1

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 19 үй, 4 пәтер

40,62

2

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 21 үй, 11 пәтер

41,00

3

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 1 үй, 5 пәтер

46,89

4

Жосалы кенті, Хамза Жомартов көшесі, № 7 үй, 8 пәтер

47,24

5

Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі, № 102 үй, 4 пәтер

46,66

6

Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі, № 96 үй, 5 пәтер

43,29

7

Жосалы кенті, Смағұл Ысқақов көшесі, № 33 үй

154,78

8

Жосалы кенті, Смағұл Ысқақов көшесі, № 37 үй

154,78

9

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі, № 26 үй, 11 пәтер

73,27

10

Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі №21 үй, №4 пәтер

70,24

      Ескерту: Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелінді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады