"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 маусымдағы № 112 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 шілдеде № 5036 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 387 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 387 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Идрисовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "2" маусымдағы
№ 112 қаулысымен бекітілген

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" ауылдық клуб үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 21 "Аққайың" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қаратөбе ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120306, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы, Нағима Болдықова көшесі, № 17А.
      "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы-"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
      11. Осы Ереже "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерімен "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.
      15. Негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;
      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;
      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
      8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
      20. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседі;
      4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      5) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      6) кіріс көздерін қалыптастырады;
      7) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
      8) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін дербес жауапкершілікте болады;
      9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      10) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру жұмыстарын ұйымдасдыру;
      11) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      1) "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" ауылдық клуб үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 21 "Аққайың" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе"

Постановление Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 02 июня 2015 года № 112. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 01 июля 2015 года № 5036. Утратило силу постановлением Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 05 мая 2016 года № 387

      Сноска. Утратило силу постановлением Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 05.05.2016 № 387 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Жанакорганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Жанакорганского района Идрисову М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким Жанакорганского района Р. Рустемов

  Утверждено постонавлением
акимата Жанакорганского района
№ 112 от "2" июня 2015 года

Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима сельского округа.
      2. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" имеет ведомства:
      1) государственное коммунальное казенное предприятие сельский клуб "Каратобе" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе";
      2) государственное коммунальное казенное предприятие детский сад № 21 "Аккайын" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе".
      3. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями и распоряжениями акима сельского округа Каратобе и другими актами, предосмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120306, Республика Казахстан, Кызылординская область, Жанакорганский район, село Баспакколь, улица Нагима Болдыкова, № 17А .
      График работы коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе": ежедневно, с понедельника по пятницу, с 09.00 до 19.00 часов (перерыв с 13.00 до 15.00 часов), кроме субботы и воскресенья, других выходных и праздничных дней, установленных законодательными актами.
      10. Полное наименование государственного органа-коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе".
      Учредителем коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" является акимат Жанакорганского района.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе".
      12. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" осуществляется из местного бюджета.
      13. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Каратобе" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе".
      Если коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Каратобе" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" проведение общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории.
      15. Основные задачи:
      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      2) реализация стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан, осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в стране;
      3) претворение в жизнь конституционных принципов общественного согласия и политической стабильности, решение наиболее важных вопросов государственной жизни демократическими методами;
      4) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны.
      16. Функции:
      1) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;
      2) в пределах своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;
      3) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;
      4) содействует развитию местной социальной инфраструктуры;
      5) организует в пределах своей компетенции водоснабжение населенных пунктов и регулирует вопросы водопользования;
      6) организует работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;
      7) при разработке бюджетной программы, администратором которой выступает аппарат акима, выносит на обсуждение собрания местного сообщества предложения по финансированию вопросов местного значения по направлениям, предусмотренным в составе бюджета района в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;
      8) обеспечивает сохранение коммунального жилищного фонда сельского округа , а также строительство, реконструкцию, ремонт и содержание автомобильных дорог в сельском округе;
      9) содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      10) выявляет малообеспеченных лиц, вносит в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;
      11) обеспечивает трудоустройство лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказывает иную социально-правовую помощь;
      12) организует движение общественного транспорта;
      13) осуществление иных функции в соответствии с действующим законодательством.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      участвовать в пределах компетенции в разработке проектов правовых и нормативных правовых актов;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующими законодательными актами.
      2) рассматривать обращения, направленные физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставляеть на них ответы;
      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима сельского округа Каратобе" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" не имеет заместителя, который назначается на должности и освобождается от должности в соттветствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе":
      1) является должостным лицом соответствующего района акимата на территории соответствующей административно-территориальной еденицы и без доверенности выступает от его имени во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      2) рассматривает обращения, заявления, жалобы граждан, принимает меры по защите прав и свобод граждан;
      3) содействует организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;
      4) взаимодействует с органами местного самоуправления;
      5) обеспечивают сохранность переданного коммунального имущества;
      6) формируют доходные источники;
      7) принимают работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;
      8) несет персональную ответственность за совершение коррупционных действий в государственном органе;
      9) реализует политику гендерного равенства;
      10) организация работ по тушению степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах не имеющие государственные противопожарные органы служб;
      11) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.
      Исполнение полномочий руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Аппарат коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" возглавляется акимом назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответсвии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" формируется за счет имущества, переданого ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима сельского округа Каратобе" относится к коммунальной собственности.
      24. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Каратобе" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень организации, находящихся в ведении коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе" и его ведомств.
      1) Государственное комунальное казенное предприятие сельский клуб "Каратобе" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе";
      2) Государственное коммунальное казенное предприятие детский сад № 21 "Аккайын" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Каратобе".