Маңғыстау облысындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 350 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 2915 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және «Облыстағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулар бойынша тарифтерді келісу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 27/411 шешімі негізінде   облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтері бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль   жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Т.Қ. Спанов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен  бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев


      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысының жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      басқармасы басшысының міндетін атқарушы
      Т.Қ. Спанов
      16 қараша 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 350 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтері

Маршрут атауы Жолақы құны (бір бағытта) теңгемен

1

Ақтау – Форт-Шевченко – Ақтау

400

2

Ақтау – Батыр – Ақтау

100

3

Ақтау – Құрық-Ақтау

210

4

Ақтау-Жетібай -Ақтау

300

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады