Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 шілдедегі № 841 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 2782 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 17.02.2020 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2,4,5 тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифі 50 (елу) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.

      3. Ақтау қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 242 "Ақтау қаласындағы қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-177 болып тіркелген, 2012 жылғы 02 маусымдағы № 95-97 (8177) "Маңғыстау" және 2012 жылғы 02 маусымдағы № 98-99 (10888-10889) "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4."Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ж.Б. Құбашев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 05.12.2016 № 2203 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Жаңбыршин

Об установлении проездных тарифов на внутригородских маршрутах общественного пассажирского транспорта по городу Актау

Постановление акимата города Актау от 02 июля 2015 года № 841. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 24 июля 2015 года № 2782. Утратило силу постановлением акимата города Актау Мангистауской области от 17 февраля 2020 года № 328

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актау Мангистауской области от 17.02.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктов 2,4,5 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить на внутригородских маршрутах общественного пассажирского транспорта по городу Актау проездной тариф в размере 50 (пятьдесят) тенге.

      2. Настоящее постановление предложить для согласования на очередную сессию городского маслихата, в порядке, установленном законодательством.

      3. Считать утратившим силу постановления акимата города Актау от 24 апреля 2012 года № 242 "Об установлении тарифов на внутригородских маршрутах общественного пассажирского транспорта города Актау", (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11-1-177, опубликовано в газетах "Маңғыстау" от 02 июня 2012 года № 95-97 (8177) и "Огни Мангистау" от 02 июня 2012 года № 98-99 (10888-10889).

      4. Руководитель государственное учреждение "Актауский городской отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог" (Кубашев Ж.Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Мангистауской области, его размещения в информационно-правовой системе "Әділет" и официального опубликования в средствах массовой информации.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Актау Бисакаева У.С.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления акимата города Актау Мангистауской области от 05.12.2016 № 2203(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Е. Жанбыршин