Жаңаөзен қаласы әкімінің "Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдары бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 18 ақпандағы №10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 65 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қарашада № 2853 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 10.01.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес және сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылғы 18 ақпанындағы № 10 "Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдары бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2622 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанындағы №9 (1716) "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (И. Сағынбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары И. Сағынбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Е. Әбілов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы

      Бақтығали Базылов

      22 қазан 2015 жыл



  2015 жылғы 22 қазандағы № 65
Жаңаөзен қаласы әкімінің
шешіміне қосымша

Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдары бойынша сайлау учаскелері

№ 71 сайлау учаскесі

      Орталығы: Теңге ауылы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№ 11 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Мұса Төлеуұлы, Нұрғиса Тілендиев, Нұркен Әбдіров, Төле би, Әнес Айтниязов, Жұмекен Нажимеденов, Жайберген Бейнеубаев, Төлеген Тоқтаров, Төлеген Айбергенов, Мұқан Төлебаев, Ғани Мұратбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Ахмет Жұбанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұрым Жырау Шыршығұлұлы, Ер Шабай, Қазақстан көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 72 сайлау учаскесі

      Орталығы: Теңге ауылы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Ата мұра" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Сәттіғұл, Құлшар күйші, Бейбітшілік, Қылыш Нәдірбаев, Әліби Жангелдин, Фетисов, Балуанияз, Тобанияз, Ер Қармыс, Түмен Балтабасұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Дина Нұрпеисова, Жалау Мыңбаев, Абыл Өтембетұлы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 73 сайлау учаскесі

      Орталығы: Теңге ауылы, "№ 14 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Ботакөз, Тамшалы, Мұрын жырау, Жеңіс, Достық Даңғылы, Мұрат Өскінбаев, Мәди Бегенов, Досан Тәжиев, Қайып Қорабайұлы, Ақтан Керейұлы, Сүгір Бегендікұлы, Сүйінғара Үргешбайұлы, көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 74 сайлау учаскесі

      Орталығы: Теңге ауылы, "Жаңаөзен қаласындағы № 17 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Шәкен Айманов, Күляш Байсеитова, Чаден Рахманұлы, Отарбай Иманғазыұлы, Нұржаубай Тәженов, Жұбантұр Құлжанов, Әбіш Қожа, Өтебай Наятұлы, Бақытжан Бисенғалиев, Желтоқсан, Қалнияз ақын, Рақымжан Қошқарбаев, Бейнеубай Құлшарұлы, Исатай Сүйеубайұлы, Ақбөбек көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 75 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Арай" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласының № 19 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Ақбұлақ" шағын ауданындағы Төреғали Қадыров, Михайл Кулебякин, Тұтқабай Әшімбаев көшелеріндегі барлық үйлер; Тасемен Алдашев көшесіндегі барлық үйлер; "Мамыр" шағын ауданындағы Ноқат Дербисов, Есенғали Бөкенбаев, Жаманқара Иса, Абыз Тілеген, Халел Өзбекқалиев, Ер Төлеп көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 76 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Арай" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласының № 19 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданының № 59, 64/1, 64/2, 66, 67, 68, 69, 70, 71 үйлер; "Ақбұлақ" шағын ауданындағы Азаттық, Құлбарақ батыр, Бозашы, Нұрберген Тілеубергенов, Төлеп Жаңаев көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 77 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Арай" шағын ауданы, "Жаңаөзен мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Арай" шағын ауданындағы Ғұбайдулла Айдаров, Ғарифолла Құрманғалиев, Біләл Қалиев, Жұмағали Қалдығараев, Отырар, Ибаш Жанболатова, Жібек Жолы, Шотан батыр, Нұрмұхан Жантөрин көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 78 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Өзен" стансасы, "Жаңаөзен мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қашаған көшесіндегі барлық үйлер; "Астана" шағын ауданындағы Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Николай Иванович Андрусов, Шәкәрім, Жетіқайқы көшелеріндегі барлық үйлер; "Бәйтерек" шағын ауданындағы Бұхар жырау, Қазыбек би, Әйтеке би, Қабидолла Сыдықов, Амангали Орынбаев, Саламат Шалабаев көшелеріндегі барлық үйлер; "Өзен" стансасы жанында орналасқан барлық үйлер.

№ 79 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктем" шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының "Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 3, 4, 5А, 5Б, 6, 6А, 7, 12, 13, 14, 15 үйлер; Бейбітшілік көшесіндегі №№ 16, 17, 17А, 18, 18А, 19, 21 үйлер; Өтелбек Махмұтов көшелеріндегі барлық үйлер; "Астана" шағын ауданындағы Кемер Оңғалбаев, Қара Жүсіп, Әнес Бүркітбаев, Сағидолла Нұржанов, Ақтау, №4а көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 80 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктем" шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 1, 1А, 2, 10, 11, 18, 19, 20, 21 үйлер.

№ 81 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктем" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 7 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 22, 23, 24, 25, 25А, 26, 27, 32, 33, 50, 51 үйлер.

№ 82 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктем" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 8 Қашаған Қүржіманұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 28, 28а, 29, 29а, 30, 30а, 31, 31а, 39, 40, 41, 46, 47, 48, 49, 52, 53, 54 үйлер; Жұмаханбет Қайыров көшесіндегі барлық үйлер.

№ 83 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктем" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 8 Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі, оң қанаты.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 55, 56, 57, 58 үйлер; "Өркен" шағын ауданындағы №№ 63, 73, 74, 75 үйлер.

№ 84 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Өркен" шағын ауданы, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы "Оқушылар шығармашылық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданындағы №№ 28, 31, 34, 43, 44, 45, 54, 56, 57, 58, 61, 62 үйлер.

№ 85 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Өркен" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 10 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданындағы №№ 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, үйлер; "Арай" шағын ауданындағы № 16, Нұрсұлу Қайрова, Құсайын Шалабаев, Мектепбай Айтмамбетов, Диас Жұмашев көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 86 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бостандық" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Мұрат Өскенбаев атындағы балалар Саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Мұнайбаза ғимараты жанында орналасқан барлық үйлер; "Шаңырақ" шағын ауданындағы Губкин көшесіндегі "Мұнайлы" шағын ауданы аумағында орналасқан барлық үйлер; "Шаңырақ" шағын ауданы Абай көшесіндегі №№ 1-7 аралығында орналасқан үйлер; Мұнайшылар көшесіндегі №№ 1-17 аралығында орналасқан үйлер; "Мұнайлы" шағын ауданындағы Меңдулла Губайдуллин, Қалидолла Нұрғалиев, Орынбай Бердығожин, Дмитрий Клинчев, Мейрамғали Бисекенов, Бегеніш Әбілханов, Бітім Қыдырбаев, Дүйсенбай Бисекенов, Қонай батыр, №9а, Сағынтай Ысқақов, Сәтібай Қылышбаев, Қуанғали Сарбөпеев көшелеріндегі барлық үйлер; "Бостандық" шағын ауданындағы Ғарифолла Қайсағалиев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Ишақат Қыдырғалиев, Ізберген Құрбанбаев, Шегем Көбен би, Бәйдеш Нұрбаев, Шернияз Махамбетов, Амандық Ділмағанбетов, Күйші Қоңыр, Ақпан батыр, Саламат Мұқашев, Асау Барақ, Сәлім Салахиев, Шығыс Қожаев, Фани Қатпашев, Қыдырша Ата, Орынғали Нұрмағанбетов, Атақозы Айтқұлұлы, Тәнім Байдалиева көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 87 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Самал" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 6 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Самал" шағын ауданындағы №№ Ң, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 12, 13, 16, 17, 18, 23, 38, 39, 40, 41, 42/1, 42/2 үйлер.

№ 88 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Самал" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 6 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Самал" шағын ауданындағы №№ 8, 9, 25, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 үйлер; "Өркен" шағын ауданындағы № 1 үй.

№ 89 сайлау учаскесі

      Орталығы: "3А" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өнер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Мұнайшы" мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: "3А" шағын ауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 үйлер; "Самал" шағын ауданындағы №№ 11, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 24, 26, 27 үйлер.

№ 90 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Шаңырақ" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 1 Т. Әлиев атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шаңырақ" шағын ауданындағы №№ 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 35, 36, 37, 38, 43, 44/1, 46/1, 46/2 үйлер.

№ 91 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Шаңырақ" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шаңырақ" шағын ауданындағы №№ 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 50, 51, 53, 54, 55, 56 үйлер; Достық, Бейбітшілік, Құрбанов, Оразақов, Рахмет Өтесинов көшелеріндегі барлық үйлер; бұрынғы Маңғыстау электр желілері кәсіпорының ғимаратындағы барлық тұрғын үйлер; "Шаңырақ" шағын ауданы Абай көшесіндегі №№ 7-61 аралығында орналасқан үйлер; Мұнайшылар көшесіндегі №№ 18-44 аралығында орналасқан барлық үйлер.

№ 92 сайлау учаскесі

      Орталығы: Аурухана қалашығы, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелері: қалалық орталық аурухана, қалалық перзентхана, қалалық дермато-венералогиялық бөлімшесі, қалалық туберкулез ауруханасы, қалалық балалар ауруханасы; "Медицина" ЖШС, "Медикер" ЖШС, "Жалымбетов" ЖШС; ішкі істер департаменті жанындағы уақытша ұстау абақтысы; 2018 әскери бөлімі шекара комендатурасы.

№ 93 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Шұғыла" шағын ауданы, "№ 12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8/9, 10, 11, 12, 13, 14/15, 16/17 үйлер.

№ 94 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Шұғыла" шағын ауданы, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Маңғыстау облыстық медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 21А, 21Б, 23А, 23Б, 24А, 25, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 үйлер.

№ 95 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Шұғыла" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласындағы № 2 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 18/19, 20, 21, 22, 23, 24/26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55 үйлер.

№ 96 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Рахат" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы № 13 "Ақмарал" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Рауан" шағын ауданында орналасқан барлық үйлер; Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданында орналасқан "Жаңаөзен сүт зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанындағы Омар Бисалиев, Бөкен би, № 3 көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 97 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылсай ауылы, "Жаңаөзен қаласының № 4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қызылсай ауылында орналасқан барлық үйлер.

№ 98 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктем" шағын ауданы, Қосқұлаков көшесі, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңаөзен қаласының № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданындағы Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі барлық үйлер; Рахат ауылы, "Рахат" шағын ауданындағы Саяжай, Балауса, Гүлдер, Гүлмайса, Бәйшешек көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 99 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№ 15 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Өтеп Балғынбаев көшесіндегі үйлер; Рахат ауылы, "Рахат" шағын ауданындағы Жемісті, Лалагүл, Алмалы, Көкорай, Самал көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 100 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№ 15 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылы, "Рахат" шағын ауданындағы Сандуғаш, Қызғалдақ көшесіндегі барлық үйлер; Түкібай Айдаров көшесіндегі үйлер; Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданындағы Өтепқали Тәжіғалиев, Әбілхайыр хан, Жарылғасын Дәуітов, Мұрат Қайырлиев, Төлеген Қағазов, Алексей Павлович Еремин, Маршал Абдыхалықов көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 101 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласының № 18 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданындағы Ерменбет би, Ақкетик, Қызылқұм, Мұхтар Әуезов, Сымағұл Сейтқазиев, Еділхан Таймасов, Басығара Тұрниязұлы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 102 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданы, № 9в көше, "Жаңаөзен политехникалық колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Шекарасы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданындағы Сауысқан, Бауыржан Момышұлы, Маната, Жосалы, Үстірт, Жеңіс көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 103 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Жұлдыз" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№ 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылы, "Жұлдыз" шағын ауданының көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 104 сайлау учаскесі

      Орталығы: Рахат ауылы, "Мерей" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің № 9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылы, "Ақсу" шағын ауданындағы Мәтжан би, Шоғыр Бөлтекұлы көшелеріндегі барлық үйлер; Рахат ауылы, "Мерей" шағын ауданының көшелеріндегі барлық үйлер; Жаңаөзен қаласында орналасқан "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5548 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі; Жаңаөзен қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Істер министрлігінің 61981 әскери бөлімі; өндірістік аймақта орналасқан барлық өндірістік мекемелер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады