"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 884 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 2926 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 14.01.2016 № 39 шешімімен(қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және ««Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын қала әкімі мен ауыл әкімі аппараттарының және қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, қала әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты басшысының уақытша міндетін атқарушы Б. Овезовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі                              Е. Әбілов
 

      «Келісілді»
      Жаңаөзен қаласы әкімі
      аппараты басшысының
      уақытша міндетін атқарушы
      Б. Овезов
      04 желтоқсан 2015 жыл
 

Жаңаөзен қаласы
әкімінің 2015 жылғы
04 желтоқсандағы № 884
қаулысымен бекітілген

Жаңаөзен қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын қала әкімі мен ауыл әкімі аппараттарының және қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңаөзен қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын қала әкімі мен ауыл әкімі аппараттарының және қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен ««Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығын іске асыру мақсатында әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
      2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағылардың немесе олардың әріптестерінің бағалауынан) тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес ол бағынатын тұлға болып табылады.
      Ауыл әкімдері мен қалалық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарының басшылары үшін бағалау қала әкімімен немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізіледі.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, мансаптық ілгерілету және тағылымдамадан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаларға тәлімгер болып бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын аудан әкімі құратын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) бекітіледі.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Қала әкімі аппаратының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы  2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалауды өткізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын қызметшіні, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды бағалау өткізілетіні туралы хабардар етеді және оларға бағалауды өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне жібереді.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және қызметшінің тікелей басшысы еркін нұсқада танысудан бас тарту туралы акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағылардың, ал қарамағындағылар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органда лауазымды атқаратын тұлғаның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімі (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметімен бағалау өткізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықталады.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы  Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парақтары персоналды басқару қызметінен оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағалауының есебін жүргізеді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметімен қызметшінің қорытынды бағасы мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептелінеді:

a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағалауы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағалауы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 балдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi еркін нұсқада танысудан бас тарту туралы акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшімен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшінің шағымы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайларда, мемлекеттік органға Комиссия шешімін жоюды ұсынады.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпарат мемлекеттік органмен екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне беріледі.
 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
 

Тікелей басшының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: ____________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________



2-ден 5-ке дейін



орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін



Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін



Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың қосындысы)




Таныстым:
Қызметші (тегі, аты, әкесінің аты)_________________________
Күні_________________________
Қолы_________________________

 
Тікелей басшы (тегі, аты, әкесінің аты)________________________________
Күні ______________________________
Қолы _____________________________


«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: ____________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)



Бағынышты адам





1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін




Барлығы (барлық бағалардың қосындысы)






Әріптесі




1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін




Барлығы (барлық бағалардың қосындысы)




«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

р/б

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1









...









Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
 

Тексерген:
 

Комиссия хатшысы: __________________________________ Күні: _________
         (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Комиссия төрағасы: __________________________________ Күні: _________
         (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Комиссия мүшесі: ____________________________________ Күні: _________
         (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"

Постановление акимата города Жанаозен Мангистауской области от 04 декабря 2015 года № 884. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 29 декабря 2015 года № 2926. Утратило силу - постановлением акимата города Жанаозен Мангистауской области от 14 января 2016 года № 39

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Жанаозен Мангистауской области от 14.01.2016 № 39(вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и Приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б»», акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих городских исполнительных органов, аппаратов акима города и акимов аулов корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета города Жанаозен.
      2. Государственному учреждению «Аппарат акима города Жанаозен» (Овезов Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно–правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации, размещение на интернет–ресурсе акимата города.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на временно исполняющего обязанности руководителя аппарата акима города Жанаозен Овезова Б.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким города                             Абилов Е.
 

      «Согласовано»
      Временно исполняющий
      обязанности руководителя
      аппарата акима города Жанаозен
      Овезов Б.
      04 декабрь 2015 год


Утверждена
постановлением акимата
города Жанаозен
№ 884 от 04 декабря 2015 года
 

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих городских исполнительных органов, аппаратов акима города и акимов аулов корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета города Жанаозен
 
  1. Общие положения

      1.Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих городских исполнительных органов, аппаратов акима города и акимов аулов корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета города Жанаозен разработана в целях реализации Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и Приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б»» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего). Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для акимов аулов, и руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, оценка проводится акимом города либо по его уполномочию одним из его заместителей.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается акимом района.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима города. Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы) государственного органа (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункт 4 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до проведения оценки.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работник службы управления персоналом и непосредственный руководитель служащего в произвольной форме составляет акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в городском исполнительном органе, финансируемом из местного бюджета, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от службы управления персоналом.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      выше 33 баллов – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком согласованным с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения. Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

Приложение 1 к методике
ежегодной оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса «Б»
форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Фамилия, имя, отчество оцениваемого служащего: ________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


Итого (сумма всех оценок):




Ознакомлен(а):
Служащий (фамилия, имя, отчество)
_________________________
дата______________________подпись___________________

Непосредственный руководитель
(фамилия, имя, отчество) _______________________________
дата______________________________
подпись____________________________

Приложение 2 к методике
ежегодной оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса «Б»
форма

Лист круговой оценки

      Фамилия, имя, отчество оцениваемого служащего:_________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5




Итого (сумма всех оценок)



Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5




Итого (сумма всех оценок)




Приложение 3 к методике
ежегодной оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса «Б»
форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

______________________________________________________
(наименование государственного органа)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









Заключение Комиссии: _____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 

Проверено:

Секретарь Комиссии: ________________________________ Дата: __________
          (фамилия, имя, отчество, подпись)

Председатель Комиссии: _____________________________ Дата: __________
         (фамилия, имя, отчество, подпись)

Член Комиссии:____________________________________ Дата: ____________
         (фамилия, имя, отчество, подпись)