"Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 2633 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 13.07.2016 № 233 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бектіу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Калиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбалаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қалиев Адайбек Өтемісұлы

      13 ақпан 2015 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13ақпандағы
№ 39 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзініңатауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.

      8. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 130400, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпеселосы, Орталық алаң, №1 үй.

      9. Мемлекеттiк мекеменің толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственноеучреждение "Мангистауский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".

      10. Маңғыстау ауданының әкімдігі "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      11. Осы Ереже "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14."Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

2. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi,функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Миссиясы:

      ауданаралық қоғамдық жолаушылар тасымалы, аудандық маңызы бар жолдар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, аудан аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

      16.Міндеттері:

      1) ауданның өмір тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;

      3) ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

      4) аудан аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау;

      5) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      7) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      17. Функциялары:

      1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер деңгейін жоғарылатуға ықпал ету;

      2) сумен қамту, тазарту, дренажды жүйелер, канализация, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, қайта жаңартуды және жөндеуді ұйымдастыру;

      3) аудандық автомобиль жолдарының құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, аудан аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      5) нормативтік-құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;

      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің, аудан жолдарының, көріктендіру объектілерінің құрылысын салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау;

      7) тұрғын үй ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

      8) үй жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау және жөндеудің ұйымдастырушылық нысанын енгізу бойынша іс-тәжірибелерді жалпылап, ұсыныстарды әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;

      11) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

      12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;

      13) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны ауданның коммуналдық меншігіне тапсыру;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтарға тұрғын үй беру бойынша аудан әкімдігі шешімдерінің жобаларын және ұсыныстарын дайындау;

      15) апаттық және тозған тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру;

      16) аудан жолдары, көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;

      17) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жәнекөріктендіру объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;

      18) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      19) көлік салаларын дамыту динамикасы туралы ақпаратты талдау және нақтылығын қамтамасыз ету;

      20) көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;

      21) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу;

      22) жасыл желектерді кесуге актілер, жер жұмыстарына ордерлерді беру;

      23) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;

      24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау;

      25) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісу;

      26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде комиссияларға қатысу;

      27) кондоминиум объектісі мен кондоминиум объектісінің маңындағы аумақта үй жайлар (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтау;

      28) тұрғын ғимараттарын, кондоминиум объектісінің маңындағы аумақты күтіп ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйді пайдалануды жүзеге асыратын азаматтарға кеңестік көмек көрсету;

      29) мекеме өзінің құзыретінің шегінде аудан әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      30) құзыреті шегіндегі сұрақтарды қарау кезінде барлық органдарда мемлекеттің мүддесін білдіру;

      31) аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;

      32) жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру;

      33) заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желісіне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;

      34) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына қатысу;

      35) жол қызметін қаржыландыруға бағытталатын қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      36) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғауға;

      2) көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы аудан әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;

      3) тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының және коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жәй күйіне қадағалауды жүзеге асыруға;

      4) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      6) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;

      7) тексеріс жүргізу уақытында тексерілетін нысанның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      8) тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      9) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасауға;

      10) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      11) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық монитоингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      19. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      20. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      25. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      26. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады