Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 69 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 сәуірде № 2663 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 02.05.2019 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      Озған Саттар Тұрашұлы

      20 наурыз 2015 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
20 наурыздағы 2015 жылғы
№ 69 қаулысына 1 қосымша

Сайлаулар кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 19.01.2021 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 07.04.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Сайлаулар кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Мекен-жайы, байланыс телефондары

1

Шетпе ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйі ғимараты.

Шетпе ауылы, 8 (72931) 21457

2

Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ұштаған ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Ұштаған ауылы, 8 (72959) 43851

3

Онды ауылдық округі, Онды ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Онды ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Онды ауылы, 8 (72931) 24734

4

Жармыш ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Жармыш ауылы, 8 (72931) 27348

5

Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сайөтес ауылдық клубы ғимараты.

Сайөтес ауылы, 8 (72931) 45468

6

Жыңғылды ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Жыңғылды ауылы 8 (72931) 24493

7

Отпан ауылдық округінің Тұщыбек ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Тұщыбек ауылы, 8 (72931) 28036

8

Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Шайыр ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Шайыр ауылы, 8 (72931) 27704

9

Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Тұщықұдық ауылы, 8 (72931) 41481

10

Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Шебір ауылдық клубы ғимараты.

Шебір ауылы, 8 (72931) 41712

11

Ақшымырау ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клубы ғимараты.

Ақшымырау ауылы, 8 (72931) 42587

12

Қызан ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызан ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Қызан ауылы, 8 (72931) 42065

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
20 наурыздағы 2015 жылғы
№ 69 қаулысына 2 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 07.04.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Шетпе ауылы

Орталық базар, муниципалдық сауда орталығы аумағындағы ақпараттық стендтер; Шетпе-1 және Қарашоқы шағын аудандарында орналасқан тақталар.

2

Сайөтес ауылдық округінің Сайөтес ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Өтес жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

3

Жыңғылды ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

4

Отпан ауылдық округінің Тұщыбек ауылы

"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағындағы ақпараттық стенд.

5

Шайыр ауылдық округінің Шайыр ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұрар Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

6

Тұщықұдық ауылдық округінің Тұщықұдық ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

7

Шебір ауылдық округінің Шебір ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

8

Қызан ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

9

Ақшымырау ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клубы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

10

Жармыш ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы ақпараттық стенд; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

11

Ақтөбе ауылдық округінің Ұштаған ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

12

Онды ауылдық округінің Онды ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады