"Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 174 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 2773 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 13.07.2016 № 233 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 410 Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1672 Қаулысына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Л.Жонасов), қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Жонасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Е.Махмутов

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 174 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130400, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Орталық алаң, 1 үй.

      8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау ауданының әкімдігі болып табылады.

      10. Осы Ереже "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Некені (ерлі-зайыптылықты) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;

      2) "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.

      16. Функциялары:

      1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

      4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      5) атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

      7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

      "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

      2) аудан әкімдігінің мәжілістеріне, аудан әкімінің жиналыстарына қатысуға;

      3) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

      4) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      5) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық монитоингті жүзеге асыру және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      6) мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      19. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан шығады;

      4) құжат айналымын ұйымдастыруды, кадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;

      5) "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.

      "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

      "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      24. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      25. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады