"Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 17 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 21 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада № 2894 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 8 шілдедегі № 17 Түпқараған ауданы әкімінің шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2776 болып тіркелеген, 2015 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімге қосымша, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының  23 бабының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелері туралы сайлаушылар хабардар етілсін.
      3. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                             Т. Асауов
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Түпқараған аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Қуанбай Амалбек Жолжанұлы
      18 қараша 2015 жыл

Түпқараған ауданы әкімінің
18 қараша 2015 жылғы
№ 21 шешіміне қосымша

Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері

№ 227 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы көшесі № 9, «Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 22367
      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласының Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Бимембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Хиту Бекжанов, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ұлан Елубаев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 5, 6 кварталдарының үйлері.

№ 228 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 51, «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «Орталық кітапхана» филиалы, телефон/факс: 8 72938 (код) 22252
      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласының Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Тілеумұрат Қожабеков, Мұстахи Бимағанбетов, Икембай Өтепбергенов, Лазер Тумышев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 1, 2, 2 а, 3, 4 кварталдарының үйлері.

№ 229 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі № 25, «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 24575
      Шекарасы: Баутин ауылының Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс, Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелерінің үйлері.

№ 230 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі № 27, «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «Аташ елді мекені. Аташ кітапханасы» бөлімшесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 24971
      Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекенінің Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Тау, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелерінің үйлері.

№ 231 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі № 2, «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс:872938(код)23851
      Шекарасы: Қызылөзен ауылының Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ, Шарай, Жұмаш Сағындықов көшелерінің үйлері; сонымен қатар Қызылөзен ауылы және «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал шаруашылығы және жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 232 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі № 5, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 23249
      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, сонымен қатар 4 кварталдың үйлері.

№ 233 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі

№ 81, «№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс:872938(код)31269
      Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округінің Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Ескі ауыл, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4, 5, 6 кварталдарының үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің аумағында және «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 234 сайлау учаскесі

      Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі № 41, «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 44232
      Шекарасы: Таушық ауылының Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы көшелерінің үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданының үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 кварталдарының үйлері, Таушық ауылының және «Таушық» ауыл шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 235 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 «Б» әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 24796
      Шекарасы: Баутин ауылының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 «Б» әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі; Форт-Шевченко қаласының «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «51809 «Д» әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Войсковая часть 2018» мемлекеттік мекемесі.

№ 236 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы, телефон/факс:87292(код)473613
      Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары.

№ 237 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі № 1, «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп - гимназиясы» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 23245
      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 3 кварталдарының және Бегей үйлері.

№ 238 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бозашы вахталық поселкесі, «Трейнинг центр» ғимараты, телефон/факс: 8 7292 (код) 529079.
      Шекарасы: Бозашы вахталық поселкесінің жатақханалары және өзге де Солтүстік Бозашыда орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.

№ 239 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Әдек Жанашев көшесі, № 49 «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 50177.
      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев, Қартбай Бекжанов, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Тәжіғұл Кезбаев, Маңғыбай Түйешиев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 2 және 5 кварталдарының үйлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады