Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 19/210 "Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 33/348 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 тамызда № 2800 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 4/76 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 19/210 "Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2400 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2014 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін мынадай орындар реттелсін:
       Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігі ғимаратының жанындағы алаң;
      Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.".
      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ю.Нокеров
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Мұнайлы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы
      Н.Жолбаев
      03 шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады