2016 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 469 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6184 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г. Ахметова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______________ С. Аймұхамбетова
      2015 жылғы 11 желтоқсан
       "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Қ. Төлеубаев
      2015 жылғы 11 желтоқсан
       "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _______________ Е. Спанов
      2015 жылғы 11 желтоқсан

  Мәслихаттың
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 469 шешіміне қосымша

2016 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері


Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері (теңге)
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
1 000 текше метр
105,89
2.
Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
1 000 текше метр
302,04
3.
Ауыл шаруашылығы
1 000 текше метр
83,32
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
1 000 текше метр
83,32

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады