"Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 41 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда № 5381 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 23.05.2016 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына сәйкес Арқалық қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген ереже бекітілсін.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветерианария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен көрсетілген мезгілде юстиция ұйымдарында мемлекеттік тіркеу өткізсін.
      3. Осы қаулы оның бірінші ресми жазылымынан күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 41 қаулысымен бекітілген

"Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қалалық малдәрігерлік станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқы бар.
      7. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
      міндеттері, функциялары, құқықтары және
      міндеттері
      14. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветерианария бөлімі" мемлекеттік мекемесі миссиясы өзінің құзыреті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аймақтық бірліктің аумағын жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырыу кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және жою.
      16. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына жануарларды ұстау қағидаларын, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекiту үшін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
      3) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
      4) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;
      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне қайтарады;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына қаланың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;
      17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Ведомствоның функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпайтын емес және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      3) ауыл шарушылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі қорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
      6) биологиялық материалдардың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.
      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да мәліметтерді мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан сұрату және алу;
      2) қала және облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау кезінде айқындалған тәртіп бұзу мен кемшіліктерді жоюды талап ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асырады.
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға, сондай - ақ оған жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауға міндетті.
      3. Мемлекеттік органның
      қызметін ұйымдастыру
      19. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы қала әкімімен қызметке тағайындалады және жұмыстан босатылады.
      21. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
      3) мемлекеттік мекеменің мүлкіне иелік жасайды;
      4) "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
      5) "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық ұйымдар алдында білдіреді;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алады, босатады, сондай - ақ марапаттау шараларын қолдану және тәртіптік жаза белгілейді;
      7) "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      8) іссапар, тәжірибе алмасу, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоспары мен тәртібін бекітеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы занңамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның
      мүлкі.
      22. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта
      ұйымдастыру және тарату.
      25. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы
      ұйымдардың тізбесі.
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қалалық малдәрігерлік станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады